+7 727 244 54 77 +7 771 724 12 40 client@homecredit.kz

Жаңалықтар

Жаңадан тартылған теңге мен шетел валютасындағы депозиттер бойынша сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі өзгереді.

Құрметті клиенттер!

Осы арқылы «Банк Хоум Кредит» Акционерлік қоғамының Еншілес банкі 2020 жылғы 26 наурыздан бастап жеке тұлғалардың жаңадан тартылған теңгедегі және шетел валютасындағы депозиттері бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі өзгеретінін және төменде көрсетілгендей болатынын хабарлайды:

Депозит атауы Номиналды мөлшерлемесі (%) (%) Жылдық тиімді мөлшерлемесі (%) (%)
Простой 12 айға 11,78 12,5
Почтовый Хоум 12 айға 11,78 12,5
Сберегательный Хоум+ 6 айға 12,57 13,4
Сберегательный Хоум+ 12 айға 12,22 13,0
Сберегательный депозиті АҚШ долларымен 12 айға 1 1
Сберегательный депозиті еуромен 12 айға 1 1
Сберегательный депозиті рубль 12 айға 1 1

Салымдар бойынша өзге талаптар өзгеріссіз қалады.

24 айға теңгемен ашылатын «Сберегательный Хоум» салымы бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі өзгеріссіз қалады және жылына 15,5%-ды құрайды

Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар:

1. Менің ағымдағы депозитім бойынша сыйақы мөлшерлемесі өзгереді ме?

Жауабы: Жоқ. 2020 жылғы 26 наурызға дейін ашылған салымдар бойынша мөлшерлеме банктік салым шартына сәйкес депозит мерзімі аяқталғанға дейін қолданылады.

2. Егер депозитімнің мерзімі аяқталса, автоматты түрде ұзарту кезінде мөлшерлемесі қандай болады?

Жауабы: Салым 2020 жылғы 26 наурыздан кейін аяқталған жағдайда, егер салымның осы түрі бойынша мерзімін ұзарту опциясы көзделсе, Сіздің депозитіңіз мерзімін ұзарту күніне қолданыстағы мөлшерлеме бойынша ұзартылады.

Поделиться
Отправить
Отправить