+7 727 244 54 77 +7 771 724 12 40 client@homecredit.kz

Жаңалықтар

Банк Хоум Кредит өз клиенттеріне қолдау көрсету бағдарламасын жүзеге асыруды жалғастырады

Банк Хоум Кредит өз клиенттеріне қолдау көрсету бағдарламасын жүзеге асыруды жалғастырады

Банк Хоум Кредит — отбасылық банк. Біздің Банк клиенттер мен олардың отбасыларына қамқорлық жасау міндетін алға қояды.

ҚР аумағында енгізілген ТЖ режимі клиенттеріміздің, жалпы ҚР азаматтарының қаржылық жағдайына кері әсер етті. Кейбір тұлғалардың тұрақты алатын қаражаты қысқарса, енді біреулер ақысыз демалысқа шығуға мәжбүр болды. Жұмысынан айырылған тұлғалар да жетерлік.

Осы қиын кезеңде Банк клиенттері мен олардың отбасыларына қолдау көрсету үшін біз ТЖ режимі аяқталғаннан кейін де 2020 жылғы 11 мамырдан бастап 2020 жылғы 15 маусымға дейінгі кезеңде айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептемеуді шештік.



Қабылданған шаралар клиенттеріміздің борыш жүктемесін жеңілдетуге көмектеседі деп сенеміз. Мұның арқасында олар қалыпты өмірге тезірек орала алады.

Клиенттерге 2020 жылғы 16 наурыздан 15 маусымға дейінгі кезеңде төлемдердің мерзімі өткізілген жағдайда банктік қарыз шарттары бойынша негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша айыппұлдар мен өсімпұлдар есептелмейді.

Бұл ретте Банкке жүгінудің қажеті жоқ. Банк барлығын өз тарапынан орындайды.

Назар аударыңыз:

*Төлем мерзімі өткізілген жағдайда кредитті жеңілдікті өтеу талаптары (акциялық төлемдер және т.б.) сақталмайды, сонымен қатар төлем мерзімін өткізіп алу әрекеті сіздің кредиттік тарихыңызға теріс әсер етеді.

* Бұл шарттар төлем мерзімін ұзартқан (кредит демалыстарын ресімдеген) клиенттерге қолданылмайды.

Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыз!⠀

Поделиться
Отправить
Отправить