+7 727 244 54 77

Жаңалықтар

Кепілсіз тұтынушылық банктік қарыздар бойынша берешекті өтеу рәсімі туралы

Құрметті клиенттер, назар аударыңыздар! Қарыз жүктемесін төмендету бойынша бағдарламаға қатысатыныңызды білу үшін Сізге Банк бөлімшесіне бару міндетті емес. Сіз бағдарламаға қатысу мәртебесін өзіңіз тексере аласыз. Для этого перейдите по ссылке — nws6.enbek.kz, на открывшейся странице введите свой ИИН и отправьте запрос. Нәтижесі дереу көрінеді.

Қазақстан Президентінің жарғысы бойынша кредиттерді өтеуге қаражат азаматтардың қандай санатына бөлінеді?

Кредитті өтеуге қаражат келесі санаттағы тұлғаларға бөлінеді:

  • көпбалалы отбасылар — 4 және одан көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалар;
  • асыраушысынан айырылу себебінен төлем алатын отбасылар;
  • мүгедек балалары, 18 жастан асқан бала кезінен мүгедек балалары бар отбасылар;
  • мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар;
  • жетім балалар;
  • ата-ананың қамқорынсыз қалған, 29 жасқа толмаған, кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған балалар.

Egov.kz сайтындағы жеке кабинетіңіз арқылы статусыңызды тексере аласыз және мемлекет кредиттеріңізді өтейтіндігін/өтемейтіндігін біле аласыз.

Маған Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығына сәйкес кредитті өтеу үшін шотыма ақша түскені жөнінде хабарлама келді. Бұл нені білдіреді?

Мемлекет азаматтардың борыштық жүктемесін азайту жөніндегі бағдарламаны іске қосты. Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын адамдарға кредитті өтеу үшін 300 000 теңгеге дейін қаражат бөлінді. Бағдарлама 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша барлық қолданыстағы кредиттерге қатысты қолданылады.

300 000 теңге — бұл бір клиентке бөлінген максималды сома. Ол клиенттің барлық банктердегі кредиттеріне бөлінеді, сол себепті Банк Хоум Кредитте өтеу сомасы одан аз болуы мүмкін.

Банк бөлімшелеріне Президенттің Жарғысы бойынша кредиттерді өтеу туралы сұрақтармен көптеген адамдар келуде. Сізге ең жиі қойылатын сұрақтарға жауаптарды ұсынамыз:

  • егер қаражат жеткілікті болса, кредит мерзімінен бұрын өтеледі;
  • егер қарызды толық өтеуге қаражат жеткіліксіз болса, онда кредит ішінара өтеледі. Тиісінше сіздің ай сайынғы төлем сомаңыз азаяды;
  • егер сіз қарызды өз қаражатыңыз есебінен өтесеңіз, ақша Сіздің ағымдағы шотыңызға/депозитіңізге/дебеттік карточкаңызға аударылады. Кейінірек сіз аударылған соманы ала аласыз, қаражатты алу мерзімі шектелмеген.
  • егер сіз берешекті өз қаражатыңыздың есебінен өтесеңіз, алайда сіздің басқа да ағымдағы кредиттеріңіз болса, аталған сома қалған кредиттерді өтеу есебіне 15.09.2019 ж. кейін жіберіледі.

Қазақстан Президентінің жарлығына сәйкес Банк Хоум Кредитте қандай кредиттер өтелетін болады?

  • Мемлекет келесідей кепілсіз тұтынушылық кредиттер бойынша берешекті өтейді: Ақшалай кредит, Тауарлық кредит, «ДОС» кредит карточкасы бойынша кредит.

Мен өтеуден кейін қалған ақша қалдығын алғым келеді. Ол үшін мен қайда және қашан жүгіне аламын?
Егер сіздің ағымдағы шотыңыз/депозитіңіз немесе дебеттік карточкаңыз болса, Банк аталған соманы 15.09.2019 ж. кейін автоматты түрде аударады. Сіз қаражатты қажет болған кезде өзіңізге ыңғайлы уақытта ала аласыз.

Егер сізде ағымдағы шот/депозит/дебеттік карточка болмаса, Сіз Банк Хоум Кредиттің кез келген бөлімшесіне келіп, өтініш қалдыру арқылы ақшаны ала аласыз. Өтінішті сізге ыңғайлы уақытта жазуға болатындығын назарға аударуды өтінеміз. Біздің бөлімшелеріміздің жұмыс кестесі: жұмыс күндері - 9.00−20.00, сенбі - 9.00−18.00. Қаражатты алу мерзімі шектелмеген.

Қазақстан Президентінің жарғысына сәйкес менің кредиттерім жабылды. Мен болашақта Банк Хоум Кредиттен кредит ала аламын ба?

Иә, Сіз кредит алуға өтінішті бере аласыз.

Әрбір нақты жағдайда шешім жеке қабылданады және шешім сіздің кредиттік тарихыңызға және төлемге қабілеттіліңізге байланысты болады.

Поделиться
Отправить
Отправить