+7 727 244 54 77

Жаңалықтар

Жаңа салық кодексі

Осы арқылы «Банк Хоум Кредит» АҚ ЕБ (бұдан әрі – Банк) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы жаңа Салық кодексі іске қосылғандығы туралы хабарлайды. Жаңа кодексте Қазақстан Республикасы аймағында тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі берген лицензияның негізінде банктік операциялардың жеке түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы және банктердегі бейрезидент жеке тұлғаларға олардың салымдары (депозиттері) бойынша төленетін сыйақыны төлем көзінен салық салудан босату бойынша ереже жойылған.

Осыған байланысты 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап бейрезидент жеке тұлғалардың салымдары (депозиттері) бойынша сыйақыны төлеген кезде Банк төлем көзінен салықты 15% мөлшерлеме бойынша ұстайтын болады. Бұл ретте Қазақстан Республикасы резиденттеріне салық салу мақсатында Қазақстан Республикасының азаматтары, тұруға ықтиярхаты бар тұлғалар, сонымен бірге Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 217-бабының талаптарына сәйкес өзге тұлғалар танылады.

Қазақстан Республикасы азаматтары болып табылмайтын тұлғалар, Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты жоқ тұлғалар Банкке банктік операциялардың жеке түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы және банктердегі бейрезидент жеке тұлғаларға олардың салымдары (депозиттері) бойынша төленетін сыйақыны төлем көзінен салық салудан босататын ережелерді пайдалану мақсатында өңірлік салық органдары берген Қазақстан Республикасы резиденттілігін растайтын құжатты ұсынуға құқылы (Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 218-бабы).

Бейрезидент жеке тұлғаларға қатысты салық салу сұрақтары бойынша толығырақ ақпаратты алу үшін Қазақстан Республикасы өңірлік салық органдарына жүгінуді сұраймыз.

Поделиться
Отправить
Отправить