+7 727 244 54 77

7979

Жаңалықтар

«Простой» («Отбасы») өнімі бойынша сыйақы мөлшерлемесі өзгереді

Құрметті салымшылар, осы арқылы «Хоум Кредит энд Финанс Банк» акционерлік қоғамы еншілес банкі 2017 жылғы 01 қаңтардан бастап «Простой» («Отбасы») өнімі бойынша жеке тұлғалардың ұзартылған және қайтадан ресімделген салымдары бойынша сыйақы мөлшерлемелері өзгертілетіндігі туралы хабарлайды.

Валютасы  Сыйақының номиналды мөлшерлемесі Сыйақының тиімді мөлшерлемесі
Тенге 12,9% 14,0%

 

Мөлшерлемелер

1) 01.01.2017 ж. бастап ашылған;

2) 01.01.2017 ж. бастап мерзімі ұзартылған салымдарға таралады. Бұл ретте мөлшерлемені өзгерту шарттың мерзімін ұзарту күнінен бастап жүзеге асырылады.

 

Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар:

1.  Егер менің ағымдағы депозитім бойынша сыйақының номиналды мөлшерлемесі 14% болса, мөлшерлеме өзгереді ме?                                                  

Жауап: Жоқ. 2016 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда ашылған салымдар бойынша мөлшерлеме банк салымы шартына сәйкес депозит мерзімі аяқталғанға дейін әрекет ететін болады.

 

2. Менің депозитімнің мерзімі аяқталса, депозиттің мерзімі автоматты түрде ұзартылған кезде мөлшерлеме қандай болады?

Жауап: Депозиттің мерзімі 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап автоматты түрде ұзартылған жағдайда, жаңа мөлшерлеме әрекет ететін болады.       

 

3. Депозит бойынша мөлшерлемелері өзгерген жағдайда, «Простой» («Отбасы») депозитінің басқа шарттары өзгереді ме?

Жауап: Жоқ. Депозиттің барлық қалған шарттары сақталады және өзгеріссіз әрекет етеді. Салымның минималды сомасы – не бәрі 1000 теңге. Депозиттің максималды мерзімі – 24 ай.

Поделиться
Отправить
Отправить