+7 727 244 54 77

Жаңалықтар

Банк Хоум Кредит Арыс қаласының тұрғындарына төлем демалыстарын береді

Арыс қаласында болған төтенше жағдайға байланысты «Банк Хоум Кредит» АҚ ЕБ басшылығы зардап шеккен қаланың банк клиенттеріне бір айға дейін төлем демалыстарын беруге шешім қабылдады.

1. Төлем демалыстары кімге беріледі?

Банктің ішкі шарттарына сәйкес, төлем демалыстары Арыс қаласының тұрғындарына несие шарттары бойынша 1 (бір) айға беріледі.

2. Төлем демалыстарын алу үшін не істеу керек?

Банктің ішкі шарттарына сәйкес, Арыс тұрғындарының несие шарттары бойынша бір айға айыппұл және өсімдерді есептеуді тоқтатты.

3. Егер несие Арыс қаласының аумағынан тыс жерде рәсімделсе, төлем демалыстарын алу үшін не істеу керек?

Егер клиент Арыс қаласының тұрғыны болса, бірақ несие рәсімдеген кезде басқа байланыс мекен-жайын көрсеткен жағдайда, төлем демалыстарын алу үшін немесе айыппұлды жою үшін банкке жазбаша өтініш және Арыс қ тұрғыны екенін растайтын құжатты (тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы) жіберу керек. Құжаттарды банк бөлімшелеріне және электронды түрде client@homecredit.kz поштасына жіберуге болады, құжаттырды қабылдауда шектеулер жоқ.

4. Төлем демалыстары берілген уақытта айыппұл/өсім өндіріле ме?

Төтенше жағдай орналасқан уақыттан бастап қазіргі уақытқа дейін айыппұл/өсім өндірілмейді.

5. Туындаған сұрақтар бойынша қайда хабарласуға болады?

Клиенттер байланыс орталығына тегін 7979 номеріне, client@homecredit.kz электронды поштасына және банктің ресми әлеуметтік желілеріне Instagram, Facebook, Vk.com хабарласа алады.

Поделиться
Отправить
Отправить

Тағы жаңалықтар: