+7 727 244 54 77 +7 771 724 12 40 client@homecredit.kz

Жаңалықтар

Алаяқтардан Сақ болыңыз! Олардан сақтану жолжарын біліңіз.

Құрметті клиенттер! Осындай қиын кезеңде алаяқтық жасау оқиғалары жиілеп кетті. Алаяқтар банк нөміріне ұқсас нөмірден қоңырау шалып, клиенттерге өздерін банк қызметкерлері ретінде таныстырады да, олардың жеке мәліметтерін алуға тырысады. Артынша, клиенттердің шоттағы ақшасына қол сұғады.

Сақ болыңыздар! Өз жеке мәліметтеріңізді, карталарыңыз бойынша мәліметтерді (карта нөмірі, құпиясөз және CVV) және СМС арқылы келген растау кодын ешкімке, тіпті Банк қызметкерлеріне де, айтпаңыздар. Банк Хоум Кредит ешқашан ақпаратты телефон арқылы айтуды талап етпейді.

Күдікті қоңыраулар келіп түссе, бізге homecredit. kz сайтындағы онлайн тілдесу жүйесінде, мобильді қосымшада жазыңыз немесе 7979 нөміріне қоңырау шалыңыз.

Өз төлем карталарыңыздың суретін интернетке салмаңыз. Қажет болған жағдайда, жоғарыда көрсетілген мәліметтерді жасыра отырып, салсаңыз болады.

Өте сақ болсаңыз, Сіздің ақшаңыз бен шотыңыз қауіпсіздікте болады.

Поделиться
Отправить
Отправить