+7 727 244 54 77

Баспасөз релиздері

Банк Хоум Кредит Қазақстан өңірлерінің тұрғындарына 50 миллион теңгені сыйға тартты

Банк Хоум Кредит Қазақстан өңірлерінің тұрғындарына 50 миллион теңгені сыйға тартты

 

Банк Хоум Кредит ұсынған бірегей «Бақыт депозиті» жобасы 2016 жыл бойы жалғасты. Әр тоқсан сайын бес жеңімпаз 10 миллион теңгеден ұтты. Жыл бойы ақшалай ашық ұтыс ойындары Қазақстанның түрлі қалаларында, яғни Ақтөбеде, Семейде, Павлодарда, Қарағандыда, Көкшетауда, Шымкентте, Оралда өтті. Әрбір ұтыс ойыны қала тұрғындары мен қонақтары үшін нағыз мерекелік іс-шара болды. «Бақыт депозитінің» барлық салымшылары жүлделер мен сыйлықтарға ие бола отырып, бір-біріне күлкі мен шаттық сыйлады. 2016 жылғы 24 қарашада «Бақыт депозитінің» барлық салымшылары Алматы қаласында ұйымдастырылған соңғы ұтыс ойынын күтті. 10 миллион теңге Тараз қаласының тұрғыны Мадинаға тиесілі болды.

«Бақыт депозитін» ашуды ұйымдастарған менің әкем болатын. Әкем маған және менің ағама екі шот ашқан. Бұл жолы менің жұлдызым жанып, ата-анама үй құрылысына көмектесуге керемет мүмкіндік пайда болды. Бұл ұтыс толығымен әкемнің жұмысы, себебі салымды ашқан, толықтырған да кісі менің әкем. Ең бастысы, әкем бізді ғажайып, үміт пен тағдырға сенуге үйретуден жалықпайды. Осы ұтыстан соң менің өмірім елеулі түрде өзгеретіндігіне кәміл сенемін. Әрине, осыдан кейін мен және менің туыстарым банк ұйымдастыратын акцияларға міндетті түрде қатысатын боламыз".

Банк Хоум Кредит стратегиясының негізгі бағытына халыққа жауапты несие беру жатады. Банк өз клиенттерін ынталандыра отырып, банк пен клиент арасындағы әріптестікті сезінудің керемет мүмкіндігіне ие болды. Банк клиенттердің қажеттілігін анықтау мақсатында тұрақты негізде халық арасында сауалнама өткізіп отырады. 2014 жылғы сауалнаманың деректеріне сүйенсек, қазақстандықтардың ең басты тілегі жеке тұрғын үй сатып алу екендігі белгілі болды. Әрине, көп жағдайда, сатып алуға қажетті үлкен соманың немесе бастапқы жарнаның болмауы бұл арманды жүзеге асыруға қиындық тудырады. Банк осы жоба жеңімпаздарға жеке үй алуға көмектесетін керемет мүмкіндік болатынына сенеді. Жобаны аяқтай отырып, біз «Бақыт депозитінің» бұрынғы жеңімпаздарын бір еске алайық.

10 миллион теңгенің бірінші жеңімпазы Жезқазған қаласының 23 жастағы Медет деген салымшы болатын. «Депозитті ашқан кезде менде ұтамын деген сенім болған жоқ. Әрине, бір үміт болғанымен, шынымды айтсам, ұту мүмкін емес деп ойладым. Банктен құттықтап қоңырау шалған кезде мен сенбедім десем, ештеңе демедім деуге болады! Енді маған отбасы құруға еш кедергі жоқ. Банк Хоум Кредиттің жобасы болмағанда, мен ұзақ уақыт бойы пәтер алуға ақша жинайтын едім. Енді тек қана үйленуге қыз табу ғана қалды!» — деді өз сөзінде алғашқы жеңімпазымыз.  

2016 жылғы наурыз айында Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт ауылының тұрғыны 10 миллион теңгеге ие болды.

«10 миллион теңге ұтып алдыңыз дегенді хабарды естігенде не деп жауап берерімді де білмедім! Мен қазір де сенбеймін.Кіші баламды үйлендіруге ақша жинап жүрген едім. Міне, енді, бұйыртса, тойды маусымда жасаймыз. Ананың басқа арманы жоқ қой. Барлығына Банк Хоум Кредит ұсынған „Бақыт депозитінде“ ақша жинауға кеңес беремін» — деді екінші жеңімпазымыз Тамарахан Толемисова.
                Маусым айында өткен ұтыста үшінші 10 миллион теңгенің иегері Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданының тұрғыны болды.

«Мен қолымда 10 миллион теңгеге сертификат ұстап тұрсам да әлі күнге дейін сенбеймін. Қартайған шағымда мұндай көп ақшаға ие боламын деп ешқашан ойламаппын. Мен ақшамды жұмсамай жинау мақсатында „Бақыт депозитіне“ кездейсоқ салғанмын. Барлық қатысушыларға сәттілікке сенуге шақырамын және сәттілік тілеймін» — деп өз пікірімен бөлісті Валентина Васильевна. 

Қыркүйекте ойнатылған 10 миллион теңгенің иесі атағы Кенжекөл ауылының тұрғынына бұйырды.

«Біз жұбайымыз екеуіміз ұтып алған соманы бірден „Депбасы“ депозитіне салуды жөн көрдік. Себебі бұл депозит өнімінің мөлшерлемесі керемет! Қазіргі таңда ешкім жылына 16,3%-ды бермейді. Біздің ақшамыз одан әрі арта берсін. Мен Банк Хоум Кредитте қаржымның арта беретіндігіне сөзсіз сенемін» — деді өз сөзінде мол тәжірибесі бар салымшы.

«Сонымен бірге отбасы кеңесінде ақшаның бір бөлігін қайырымдылыққа жұмсау туралы шешім қабылданды. Депозит ашу туралы айтатын болсам, ақшаға ақша қосылады деген рас екендігіне көз жеткіздім. Әркімнің өз таңдауы бар, ал менің таңдауым Банк Хоум Кредит. Бұл ұтыс менің бірінші тәжірибем. Соңғы емес екендігіне сенемін. Армансыз адам, қанатсыз құсқа тең, сондықтан армандаңыздар, мақсаттарыңызға қол жеткізіңіздер» — деп сұхбатты тұжырымдады Шамшиден.

2017 жылдың қарсаңында «Бақыт депозиті» жобасын аяқтау отырып, Фортуна жолы болған адамдарға өзінің пікірі бар екендігін атап өткен жөн. Жеңімпаздардың барлығы өз миллионын алуға лайықты және әрқайсысы өз мақсаттарын және міндеттерін дұрыс жүзеге асыратындығына сенеміз.

Ал Банк Хоум Кредит болса, өз клиенттерін жаңа жобалармен таңдандыруға тырысамыз. Банк өз клиенттерімен бірге өзара тиімді әріптестікті ары қарай жалғастыра береді.

 

Сонымен қатар Банк Хоум Кредит 2016 жылғы 24 қарашада өткен ақшалай жүлделердің барлық жеңімпаздары  ақшалай жүлдені 2016 жылғы 05 желтоқсаннан кешіктірмей ресімдей алатындығын еске салады. 

 

«Банк Хоум Кредит» АҚ ЕБ-ның қоғаммен байланыс қызметі:

PR@homecredit.kz; тел.: +7 (727) 244 55 06 (ішкі  1520)

Банк Хоум Кредит әлемнің 10 мемлекетіндегі тұтынушылық несиелеу нарығындағы жетекшілердің бірі болып саналады және халықаралық «Хоум Кредит» Тобына кіреді. Хоум Кредит клиенттерінің жалпы саны әлем бойынша 65 миллион адамнан асады. Хоум Кредит Қазақстан нарығында өз қызметін 2005 жылдан бастады. Банк Хоум Кредит Қазақстанның бөлшек несиелеу нарығындағы көшбасшыларының бірі, жеке тұлғаларға теңгемен ғана несие береді. 10 жыл ішінде Қазақстанда банк клиенттерінің саны 2 миллион адамнан асты. Әрбір үшінші клиент банкке қайтадан жүгінеді. Банк Хоум Кредит жеке тұлғаларға теңгемен несие бере отырып, бөлшек несиелеуге мамандандырылған.

Банктің стратегиялық бағыттарына жауапты және қауіпсіз несиелеу, сонымен бірге халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру жатады.

Поделиться
Отправить
Отправить

Тағы жаңалықтар: