+7 727 244 54 77

Баспасөз релиздері

«Банк Хоум Кредит» АҚ ЕБ-нің теңге облигацияларына деген сұраныс ұсыныстан асып түсті

2017 жылдың 30 мамырында «Банк Хоум Кредит» АҚ ЕБ-нің (бұдан әрі – Банк) жалпы номинал көлемі 10 миллиард теңгені құрайтын, жабуға дейінгі кірістілігі, жылдық  15% көлеміндегі купон мөлшерлемесі бар үшжылдық облигацияларын орналастыру табысты түрде жүзеге асты. Мамандандырылған сауда KASE сауда жүйесінде жүрді.

 

Сауда барысында облигацияларға деген сұраныс ұсыныстан асып түсті, өтінімдер кітабы айтарлықтай деңгейде қайта жазылды. Облигацияларды жабуға дейінгі ақтық кірістілік жылдық 15%-ды құрады.

Инвесторлар Банк облигацияларына үлкен қызығушылық білдірді, бұған ұсынылған облигациялардың қазіргі уақытта теңгедегі ең тартымды инвестиция болып отырғаны себеп болды. Сауда нәтижесінде коммерциялық банктер, қор нарығының кәсіби қатысушылары, сақтандыру компаниялары, жеке және институционалды инвесторлар Банк Хоум Кредит облигацияларының иегерлері атанды.

Шығарылымды «Цесна Капитал» АҚ және «BCC Invest» АҚ ұйымдастырды. Аталған екі ұйым 2017 жылдың сәуір және мамыр айларында инвесторлар тарту үшін Астана мен Алматыда роуд-шоу өткізген болатын.

 

Анықтама:

«Банк Хоум Кредит» АҚ ЕБ 1997 жылы Чехияда негізі қаланған халықаралық Хоум Кредит тобына кіретін заманауи және тұрақты түрде дамып келе жатқан бөлшек сауда банкі.

Банк рейтингі: «B+», болжам ТҰРАҚТЫ, Fitch Ratings, ұлттық рейтингі «kzBBB».

Банк активтерінің кірістілігі көрсеткіштері бойынша ҚР банктері арасында көшбасшы. Банк 2016 жылдың қорытындысы бойынша депозиттердің өсімі тұрғысынан ҚР банктері арасында ТОП 2-ге кіреді (90%, сала бойынша орта көрсеткіш 19%); несие қоржыны 22%-ға артты.

Банк клиенттері 3 миллионнан астам қазақстандықтарды  құрайды, бұл елдің экономикалық тұрғыдан белсенді халқының шамамен үштен бірін құрайды.

 

«Цесна Капитал» АҚ Астанада бас кеңсесі орналасқан капиталдандыру бойынша ең ірі қазақстандық инвестициялық компаниялардың бірі. «Цесна Банк» АҚ-ға 100% қарасты еншілес компания. Қор нарығындағы 12 жылдық жұмыс тәжірибесіне сүйене отырып компания қазақстандық және халықаралық бағалы қағаздар нарығында инвестициялау және қаржы тарту бойынша шын мәнінде инновациялық өнімдік желі ұсынады.

 

«BCC Invest» АҚ («Банк ЦентрКредит» АҚ ЕҰ) – Қазақстандағы тұңғыш инвестициялық банктердің бірі және жергілікті бағалы қағаздар нарығында алдыңғы қатарлы деңгейге ие. 2016 жылдың қорытындысы бойынша компания «Қазақстандық қор нарығы» АҚ атынан корпоративті облигациялар нарығында «Нарық көшбасшысы» және «Жыл маркет-мейкері» жүлделеріне ие болды. «BCC Invest» АҚ-ға RAEX (Эксперт РА) рейтинг агенттігінен «А++» деңгейінде компания сенімділігі бойынша ең жоғары рейтинг тағайындалған. 

Поделиться
Отправить
Отправить

Тағы жаңалықтар: