Кредиттер мен басқа қызметтер

Ыңғайлы кредит

Ыңғайлы кредит
«Технодом» дүкендерінен техника мен басқа да тауарларды үйден шықпастан сатып алыңыз!
24 айға дейін кредитке
немесе 3 айға дейін бөліп төлеуге

Артықшылықтары

Комиссиясыз төлем жасау

«Мобильді банкинг» қосымша арқылы

Кредит сомасы

10 000 т. бастап 2 000 000 т. дейін

Тауарды бөліп төлеуге немесе кредитке қалай ресімдеуге болады?
- «Технодом» сайтына өтіңіз. Банк Хоум кредит арқылы кредитке немесе бөліп төлеуге төлем тәсілін таңдап, тауарға тапсырыс беріңіз;
- Мақұлдау туралы шешімді алыңыз. Кеңесші құжаттарды ресімдеу үшін Сізбен 15 минут ішінде хабарласады;
- Курьер қажеттінің бәрін жеткізеді. Курьерлік қызмет Сіз таңдаған тауарды және қол қою үшін кредит құжаттамасын тегін жеткізеді.
Технодом дүкеніне өту


Кредит беру шарттары
- Тұтынушылық кредиттер Қазақстан Республикасының азаматтары - жеке тұлғаларына және шетелдік азаматтарға беріледі;
- жасы – 21-75 аралығында;
- соңғы жұмыс орнында кемінде үздіксіз 6 ай жұмыс өтілі болуы қажет;
- ресми зейнетақы аударымдарының болуы;
- кредит сомасы 10 000 т. бастап 2 000 000 т. дейін;
 - 6 және 9 ай мерзімге кредит –  10 000 тг. жоғары сомаға; 10 және 12 ай мерзімге кредит – 50 000 тг. жоғары сомаға; 18 ай мерзімге кредит –  100 000 тг. жоғары сомаға; 22 және 24 ай мерзімге кредит –  120 000 тг. жоғары сомаға қолжетімді. 


Кредитті ресімдеу
- «Технодом» сайтына кіріп, тауарды таңдаңыз;
- тауарды ресімдеу кезінде «Кредитке немесе бөліп төлеуге» төлем түрін және «TechnoDengi» бағдарламасын таңдаңыз;
- дербес деректеріңізді енгізіңіз;
- оператор Сізбен телефон арқылы байланысып, кредит беру туралы шешім қабылдау үшін қажетті ақпаратты анықтайды;
- Банктің оң шешімі барысында курьерлік қызмет Сіздің үйіңізге кредит шартын және таңдалған тауарларды жеткізеді;
- Сізге шартқа және ілеспе құжаттарға қол қою қажет;
- жаңа клиенттер үшін ЗТМО БКБ-дан дербес деректерді алуға келісімге қол қою талап етіледі. Осы құжаттар тауарды алмас бұрын ұсынылады;
- Егер Сізге ыңғайлы болса, шартқа «Технодом» бөлшек сауда дүкендерінде қол қою және тауарды өздігінен алып кету қолжетімді.
 

Кредитті төлеу
Комиссиясыз төлем жасау:
- «Мобильді банкинг» қосымшасында;
- төлем терминалдары арқылы;
​- Банк сайтында онлайн режимде;
Комиссиямен төлем жасау:
- Банк бөлімшелерінің кассаларында
Қажетті құжаттар
- ЖСН көрсетілген жеке куәлік

Құжаттар