+7 727 244 54 77

Карталар

«TECHNODOM» бөліп төлеу картасы

Онымен кез келген Технодом дүкеніне келіп, техника сатып алыңыз да, тауар сомасын тең төлемдермен қайтарыңыз.

Артықшылықтары

62 күнге дейін

жеңілдікті кезең

10 %-ға дейін

кешбэк

0 теңге

әлем бойынша қолма-қол ақша алғаны үшін комиссия

 

«TECHNODOM» жаңа бөліп төлеу картасын пайдалану шарттары: 

Икемді бөліп төлеу

«ТЕХНОДОМ» дүкендер желісінде Банктің кез келген сату нүктесінен «TECHNODOM» бөліп төлеу картасын ресімдеп, тауарларды 3 айға дейін икемді бөліп төлеу арқылы сатып алыңыз*.
Тауарларды әлем бойынша «TECHNODOM» бөліп төлеу картасы арқылы төлеңіз, 3 айға 20 000 теңгеден басталатын сомаға икемді бөліп төлеу мүмкіндігін алыңыз. 

*Икемді бөліп төлеу берешекті пайыздық сыйақыны қамтуы мүмкін міндетті төлемдермен өтеуге не осы операцияның шарттары бойынша жеңілдікті кезең ішінде операцияның толық сомасын өтеуге мүмкіндік беретін белгілі бір шарттар бойынша қолжетімді.

 

Бонустар мен Кешбэк. Төлеңіз де, қосымша ақша алыңыз!

«TECHNODOM» бөліп төлеу картасын ресімдеу үшін тағы бір тамаша себеп: сіз тиімді бөліп төлеу мүмкіндігі мен ең ұзақ жеңілдікті кезең ғана емес, сонымен қатар бонустар мен кешбэк ала аласыз! Карточканы ресімдегеннен кейін 2 апта ішінде 10 мың теңгеден басталатын транзакция үшін 500 теңге алыңыз. Сонымен бірге келесі тәсілдермен ақшаны жұмсай отырып, жасалған транзакциялар үшін 20 000 теңгеге дейін кешбэк ала аласыз:

5% – дәріханалардағы транзакциялар үшін;

3% – барлар, мейрамханалар мен АЖҚС-дағы транзакциялар үшін;

1% – супермаркеттер, азық-түлік дүкендері мен киім дүкендеріндегі транзакциялар үшін.

Картаның артықшылықтары мұнымен ғана шектелмейді! Алғашқы үш айда кешбэк сомасы екі есеге артады, яғни транзакциядан 10 (!) пайызға дейін қайтарып алуға болады!

Бір есептік кезеңде бонустардың максималды сомасы 10 000 теңгені құрауы мүмкін.

Бонустарды ақшаға аудару өте оңай! 7373 нөміріне қоңырау шалып, қанша бонус жиналғанын біле аласыз, сонымен бірге операторға аударғыңыз келетін соманы хабарлау арқылы немесе ұялы қосымша арқылы бонустарды ақшаға аудара аласыз!

Сіз жиналған бонустарды есептеу күнінен бастап 18 ай ішінде жұмсай аласыз.

Комиссиясыз қолма-қол ақша алу мүмкіндігі

 «TECHNODOM» бөліп төлеу картасының тағы бір артықшылығы: егер сізге қолма-қол ақша қажет болса, оны кез келген банкоматтан комиссиясыз ала аласыз!

Ең ұзақ жеңілдікті кезең

Барлық қолма-қол ақшасыз төлемдер бойынша 62 күнге дейін жеңілдікті кезең! «TECHNODOM» бөліп төлеу картасы сізге бөліп төлеудің ең тиімді кестелерін ғана емес, сонымен қатар оны әдеттегі кредит карточкасы ретінде пайдалану мүмкіндігін де ұсынады.

Кредит картасы туралы ақпарат әрқашан қолыңызда

"Мобильный Банк" қосымшасын жүктей отырып, кез келген уақытта:

  • кредит немесе кредит картасы бойынша төлем сомасы мен төлем күнін қадағалай аласыз;
  • бірнеше күн бұрын төлем туралы хабарлама ала аласыз;
  • төлемнің кез келген арналары арқылы ақша түскенін бақылай аласыз;
  • кредит картасындағы қолжетімді қалдық сомасын көре аласыз;
  • төлем кестесінде кредит бойынша берешектің жалпы сомасын көре аласыз.

Кредит лимитін пайдалану бойынша тарифтер

Комиссияның сипаттамасы

Комиссия

Сияқының жылдық белгіленген (номиналды) мөлшерлемесі

Жылына 0% - 39%

Сияқының жылдық тиімді мөлшерлемесі

Жылына 0% - 46,81 %

Шотты жүргізгені үшін комиссия

айына 0 теңге

Сақтандыру

клиенттің еркі бойынша

Шарт бойынша берешектің жағдайы туралы анықтамаларды беру (анықтама 2 аптаның ішінде беріледі)

500 ₸

Жедел анықтамаларды беру (анықтама жүгінген күні беріледі)

2000 ₸

АТМ-дан қолма-қол ақша алғаны үшін комиссия

0

Қолма-қол ақша алғаны үшін комиссия (банкомат арқылы, шетелде)

0

POS-терминал арқылы қолма-қол ақша алғаны үшін комиссия

0

Қолма-қол ақшаны Банктің кассасы арқылы енгізгені үшін комиссия

500 ₸

Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны туралы хабарламаны клиентке қағаз тасымалдауышта жіберу

500 ₸

Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны туралы хабарламаны клиентке СМС-хабарлама арқылы жіберу

70 ₸

Үзінді-көшірмені ұсынғаны үшін комиссия

0 ₸

Қосымша үзінді-көшірме ұсынғаны үшін комиссия

500 ₸

Овердрафт лимиті бойынша қызмет көрсеткені үшін комиссия

0

Ай сайынғы минималды төлем

Кредит бойынша берешекті клиент ай сайын тиісті төлем кезеңі аяқталғанға дейін берешек сомасының 6% - на тең, бірақ 3 000 ₸-ден кем емес және минималды ай сайынғы төлемнен кем емес мөлшерде өтейді.

 

 

 

Карточкаларды шығару мен олар бойынша қызмет көрсету тарифтері.

 

 

 

Комиссияның сипаттамасы

Комиссия

Карточка бойынша ай сайын қызмет көрсету комиссиясы

0 ₸

АТМ-дан теңгерім сұрағаны үшін комиссия

50 ₸

Карточканы бұғаттағаны үшін комиссия

0 ₸

Карточканы бұғаттан шығарғаны үшін комиссия

0 ₸

ПИН-кодты өзгерткені үшін комиссия

0 ₸

Карточканы бірінші рет қайта шығарғаны үшін комиссия

0 ₸

Карточканы екінші және одан кейін қайта шығарғаны үшін комиссия

800 ₸

Сауда нүктесінде операция жасағаны үшін комиссия

0 ₸

 

 

 

ҚР және шетелде «Банк Хоум Кредит» АҚ ЕБ төлем карталары бойынша қызмет көрсету лимиттері

 

 

 

Операция түрі Лимит (теңге, тәулік) Операциялар санының лимиті (операциялар, тәулік)
Қызмет көрсетудің жалпы лимиті 5 500 000 ₸ -
Банкоматтардағы қолма-қол операциялардың лимиті 500 000 ₸ 10
ЕДБ кассаларындағы қолма-қол операциялар санының лимиті 5 000 000₸ 10
Сауда-сервистік кәсіпорындардағы қолма-қол ақшасыз операциялар лимиті 500 000 ₸ 10
Интернет желісіндегі операциялар лимиті 70 000 ₸ 3 ₸

 

 

 

Банк Сізге жоғарыда көрсетілген стандартты лимиттерден бөлек, басқа банктерде операция түрі, операция сомасы, валютасы бойынша басқа банктердің төлем карточкаларына қызмет көрсетуге дербес шектеулер, лимиттер белгіленуі мүмкін екендігі туралы хабарлайды.

 

Поделиться
Отправить
Отправить