+7 727 244 54 77

Финансовая грамотность

Құрметті достар!

Бұл бөлім жеке қаржы саласындағы білімін арттыруға тырысатын, өзінің болашағы туралы ойлайтын, өзін қаржы тұрғысынан еркін және қорғаулы сезінуді қалайтын адамдарға арналған.

Бұл бөлімде біз Сізге қаржылық сауаттылық пен жауапты несиелеу туралы айтып береміз, тұрақты негізде пайдалы ақпаратпен, әдебиетпен және өздігінен білім алуға қажет арнайы бағдарламалармен бөлісеміз. Бұған қосымша Сіздің ақшамен қарым-қатынасыңызды елеулі түрде жақсартуға арналған практикалық құралдарды және лайфхактарды көрсетеміз.

Сіз бізбен бірге қаржыңызды сауатты және тиімді басқаруды,  артық ақша жұмсаудың алдын алуды, табыстар мен шығыстардың есебін жүргізуді, жеке бюджетті жоспарлауды, ақша ағынын жинауды және көбейтуді, қаржы мақсаттарын қоюды, қаржы институттары ұсынатын күрделі өнімдер мен қызметтерді ажыратуды үйренесіз.

 

Сәттілік пен қаржылық тәуелсіздік тілейміз!

Банк Хоум Кредит Қазақстан халқы арасында қаржылық сауаттылықты арттыруға үлкен көңіл бөледі және сондықтан 2014 жылдан бастап белсенді түрде халық арасында қаржылық сауаттылықты арттыру мен жауапты несиелендіру бойынша бағдарламасын жүзеге асырып келеді.