+7 727 244 54 77 +7 771 724 12 40 client@homecredit.kz

Сұрақтар мен жауаптар

Бізге күніне көптеген сұрақтар қояды. Біз осы бөлімде жиі қойылатын сұрақтарды жинадық. Егер сұрағыңызға жауап таппасаңыз, сұрағыңызды бізге жолдай аласыз. Біз сұрағыңызға жауапты поштаңызға жолдап, жауапты сайтта жариялаймыз.

Сұрақ қою
  • Cалымдар

    Банк Хоум Кредит депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылады және барлық салымдар депозиттерге міндетті кепілдік беру нысанына жатады.
  • Cалымдар

    Қатысушы банк мәжбүрлеп таратылған жағдайда Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры депозитор – жеке тұлғаларға ұлттық валютадағы кепілдік берілген депозиттері бойынша он миллион теңге және шетел валютасындағы депозиттер бойынша бес миллион теңгеден аспайтын мөлшерде бір депозиторға бір қатысушы банк бойынша кепілдік берілген өтем төлейді. Сонымен бірге Заң бойынша депозитор бір қатысушы банкте түрі мен валютасы бойынша әртүрлі бірнеше кепілдік берілген депозит ашқан жағдайда, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры олар бойынша он миллион теңгеден аспайтын сомада жиынтық кепілдік берілген өтемді төлейді.
  • Cалымдар

    Жеке басын куəландыратын құжаттың түпнұсқасы.
  • Cалымдар

    Ағымдағы мерзім ішінде депозит бойынша есептелген сыйақы сомасын депозиттің негізгі сомасына қосып есептеу. Бұл ретте сыйақыны одан әрі есептеу депозит пен бұрын есептелген сыйақының жалпы сомасына жүргізіледі.
  • Cалымдар

    Иә.
  • Cалымдар

    Егер банктік салым шартында өзге қарастырылмаса және салымшы (оның өкілі) салым мен сыйақыны салым мерзімі аяқталған күннен бастап үш банктік күн ішінде талап етпеген жағдайда.
  • Cалымдар

    Банктік салым шартының әрекет ету мерзімін дәл сондай мерзімге және дәл сондай шарттармен автоматты түрде ұзарту.
  • Cалымдар

    Басқа тұлғаның ағымдағы шотын толықтыруға болады.
  • Cалымдар

    Салымшының мұрагерлері мұраға құқық туралы куәлікті ұсынған жағдайда салымды ала алады.
  • Cалымдар

    Филиалға банктік салым шартын жоғалту туралы тиісті өтінішпен жүгіну қажет.
  • Cалымдар

    Депозиттерді қайта ресімдеуге рұқсат етілмейді.
  • Cалымдар

    Номиналды мөлшерлеме – ай сайынғы сыйақы есептелінетін мөлшерлеме. Тиімді мөлшерлеме – номиналды мөлшерлеме + сіздің салым сомаңыз бен банк есептеген пайыздарға да сыйақыны есептеу нәтижесіндегі капиталдандыру сомасы.
  • Cалымдар

    Пайыздар депозиттің нақты уақыты үшін есептелінеді және толығымен төленеді. Мысалы, егер сіз депозитті 12 ай мерзімге ашсаңыз, ал ақшалай қаражат депозитте 3 ай жатса, пайыздар 3 айға есептелініп төленеді.
  • Cалымдар

    Ағымдағы несие шартының талаптарына сәйкес «…Шарт орындалмаған, тиісті түрде орындалмаған жағдайда, Банк келесі іс-шараларды қолдануға құқылы: тұрақсыздық айыбын өндіріп алуға, несие сомасын мерзімінен бұрын қайтаруды, сонымен бірге сыйақыны (Клиент шарт бойынша міндеттемелерді тиісті түрде орындаған кезде өтеу кестесіне сәйкес несие бойынша есептелінуі тиіс сыйақыны қосқанда) төлеуді талап етуге; Қазақстан Республикасы заңнамасында бекітілген шектеулерді қоса алғанда, Клиенттің кез келген банктік шоттарынан берешек сомасын өнідіріп алуға...»
  • Cалымдар

    Сіздің депозитіңіз автоматты түрде дәл сондай мерзімге және дәл сондай шарттармен автоматты түрде ұзартылады.
  • Cалымдар

    Иә. Сіз ақшаны басқа қалалардағы банктің бөлімшелерінен комиссиясыз ала аласыз.
  • Cалымдар

    Сіз депозиттен ақшаны Банк Хоум Кредиттің бөлімшелерінен немесе интернет банкинг арқылы ақшаны дебеттік картаға аудару арқылы ала аласыз.
  • Cалымдар

    Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушылары болып табылатын банктердің тізімін www.kdif.kz сайтынан тексере аласыз.
  • Cалымдар

    депозитті келесі тәсілдермен толықтыру қолжетімді:

    1) мобильді қосымшада (Homecard картасынан, ҚР басқа банкінің картасынан) 

    2) банктің сайтында

    3) интернет банкинг арқылы

    4) Банк бөлімшесінің кассасында немесе Банктің терминалдары арқылы

    Толықтырудың басқа тәсілдері*:

    5) «Касса 24», «Cyberplat» терминалдары, «Казпошта» АҚ, банкаралық аударымдар арқылы.

    * Төлемдердің түсу мерзімі мен комиссия мөлшері Банкке байланысты емес себептер бойынша өзгеруі мүмкін. Комиссияның өзекті мөлшерін төлем жасау кезінде тексеріңіз.

  • Дебеттік карта

     

    Қазіргі уақытта бонустар тек Home Card картасы бойынша қарастырылған.

  • Дебеттік карта

     

    Егер Сіз Home Card картасымен төлесеңіз, есептеледі

  • Дебеттік карта

    Сіз Home Card картасынан айына 5 рет комиссиясыз ақша ала аласыз, келесі транзакциялар үшін сомадан 2% (кем дегенде 100 теңге) + Қазақстанда да, шетелде де басқа банктің комиссиясы. Өте сирек жағдайларда банкомат иесі болып табылатын банк комиссия алады. Бұл туралы ақша алу барысында хабарланады. Басқа дебет карталарының тарифтері 

  • Дебеттік карта

    Снятие наличных денег через банкоматы Банка Хоум Кредит всегда без комиссий.

  • Дебеттік карта

    Банк Хоум Кредит банкоматтары арқылы қолма-қол ақша алу әрдайым комиссиясыз.

  • Дебеттік карта

    Тәулігіне Сіз 1 000 000 теңгеге дейін ала аласыз.

  • Дебеттік карта

    Өкінішке орай, жоқ! Бонус Сіздің картаңыздан ақша есептен шығарылған жағдайда ғана есептеледі. Егер транзакциядан қаражат есептен шығарылғаннан кейін бас тартсаңыз, бонустың күші жойылады.

  • Дебеттік карта

    Картаны мобильді қосымшада белсендіруге болады. Home Card өнімін таңдап, "Картаны белсендіру" батырмасын басыңыз.

  • Дебеттік карта

    Бір күнтізбелік айда Сіз 15 000 теңгеге тең болатын ең көбі 15 000 бонус жинай аласыз.

  • Дебеттік карта

    Егер Сіз Home Card картасымен төлем жасасаңыз, есептеледі

  • Дебеттік карта

    Сіз бонустарды мобильді қосымшадағы "Карта бойынша бонустар" бөлімінде ақшаға аудара аласыз. 1 бонус = 1 теңге.

  • Дебеттік карта

    Карта бойынша барлық операцияларды мобильді қосымшадан көруге болады. Ол үшін басты экранда Home Card қосымшасын таңдап, "Үзінді-көшірме" қойындысына өту қажет.

  • Дебеттік карта

    Сіз депозитті мобильді қосымшадағы "Аударымдар" бөлімінде оңай және жылдам толықтыра аласыз.

  • Kредит

    Төлем мерзімін бұзу Сіздің кредит тарихыңызға теріс әсерін тигізуі мүмкін. Кредитті уақытында өтеуді ұмытпаңыз, бұл үшін қосымшада ыңғайлы төлем кестесі мен онлайн төлем қарастылырған.
     
    Кредит бойынша төлем мерзімін бұзған жағдайда Банк кредит шартының талаптарына және қолданыстағы тарифтерге сәйкес айыппұл салады.

  • Kредит

    Банкте 3 кредитке дейін бір мезгілде ресімдеуге болады. Үшінші кредитті екінші кредит төленгеннен кейін 6 ай өткен соң ресімдеуге болады.

  • Kредит

    Клиенттерге анықтамалардың бірнеше түрі ұсынылады:
     - несие берешегінің жоқтығы туралы анықтама кредит шарты жабылғаннан кейін беріледі (Сізге анықтама Банкте ашылған кредитіңіз болмаса ғана беріледі. Оны мобильді қосымшадан алуға болады)
     - кредит бойынша берешектің жағдайы туралы анықтама
     - шоттардағы қаражат қалдығы туралы анықтама
     - төленген пайыздар туралы анықтама.

  • Kредит

    Бас тартқан жағдайда Сізге 90 күн өткен соң қайта байқап көруге кеңес береміз.

  • Kредит

    Мақұлданған өтінім күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде жарамды.

  • Kредит

    Біз осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз, мобильді қосымшадағы жаңартуларды жіберіп алмаңыз. Қазіргі сәтте кредитті мерзімінен бұрын өтеу үшін Банк бөлімшесіне жүгіну қажет.

  • Kредит

     

    Банк Хоум Кредит тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алуға және кепілсіз жеке мақсаттар үшін кредиттер береді. Толығырақ ақпаратпен мына сілтемеден таныса аласыз.

  • Kредит

     

    Кредит алу үшін ағымдағы жұмыс орнындағы жұмыс өтілі кемінде 3 (үш) айды құрауы тиіс.

  • Kредит

    Ең төменгі табыс бойынша шектеулер жоқ.
     Әрбір нақты жағдайда шешімді дербес автоматтандырылған жүйе қабылдайды және шешім клиенттің кредит тарихы мен төлем қабілеттілігінің сапасына байланысты.

  • Kредит

     

    Кредитке өтінімді беру тәсіліне байланысты: 
     - онлайн-өтінімді мобильді қосымшада қарастыру нәтижесін "Кредитке өтінім" бөлімінен білуге болады;
     - Банк және серіктестердің сайты арқылы өтінім берген кезде Сізге оператор қоңырау шалады немесе Сіз жұмыс күні ішінде SMS-хабарлама аласыз;
     - Бөлімшеде кредит ресімдеген кезде кеңесші нәтижені 15 минут ішінде хабарлайды.

  • Kредит

     

    Иә, үшінші тұлға терминал арқылы Қарыз алушының ЖСН немесе шарт нөмірімен төлемді жүргізе алады. Банк бөлімшелерінде кредитті төлеу үшін төлеушінің жеке куәлігі мен кредит өтелетін ағымдағы шоттың нөмірі талап етіледі.

  • Kредит

     

    Кредит беру туралы шешімді Банктің автоматтандырылған жүйесі қабылдайды. Банк қызметкерлері бұл процеске қатыспайды және оған әсер ете алмайды. Әрбір жағдайда шешім дербес қабылданады және ол Сіздің кредит тарихыңыз бен төлем қабілеттілігіңізге байланысты.

  • Kредит

    Иә. Қарыз алушы қарызды толық өтеу сәтінде 21 - 65 жас аралығында болуы тиіс.

  • Дебеттік карта

    Картаны мобильді қосымшада бұғаттаңыз. Карта табылған жағдайда, Сіз оны қосымшада бұғаттан шығара аласыз.

  • Дебеттік карта

    Картаны жеткізу аптасына 7 күн, сондай-ақ мереке күндері де жүзеге асырылады. Жеткізу уақыты - жұмыс күндері сағат 09.00-ден 21.00-ге дейін, демалыс және мереке күндері сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін.

  • Дебеттік карта

    Оператор Сізбен өтінім түскеннен кейін бір сағат ішінде хабарласады. Қоңыраулар жұмыс күндері сағат 9:00-ден 21:00-ге дейін, демалыс күндері 10:00-ден 20:00-ге дейін жүргізіледі.

  • Дебеттік карта

    Сіз Home Card картасынан айына 5 рет комиссиясыз, одан әрі сомадан 2% (кем дегенде 100 теңге) + басқа Банктің комиссиясын төлей отырып ала аласыз.
     Басқа дебет карталары бойынша тарифтермен және мөлшерлемелермен келесі сілтемеден таныса аласыз.

  • Дебеттік карта

     

    ПИН-кодты мобильді қосымшада өзгерте аласыз. Ол үшін қосымшаның Home Card басты экранындағы  "Операциялар" қойындысында "PIN-кодты өзгерту" батырмасын басу қажет.

  • Дебеттік карта

    Кепілдендірілген 1% және транзакциялық 2% бонус операцияны өңдеу фактісі бойынша төленеді. 
    Депозиттік 2% бонус өткен айда жүргізілген операциялар үшін келесі айдың 1 күні төленеді.

  • Дебеттік карта

    Паспортта немесе жеке куәлікте көрсетілгендей атыңыз бен тегіңізді латын әріптерімен жазыңыз.

    Интернетте төлем жасау үшін картада деректердің болуы міндетті емес.

  • Дебеттік карта

     

    Иә, Сіз Home Card картасын пайдалана аласыз. Карта Интернеттегі төлемдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 3D Secure технологиясымен жабдықталған. 3D Secure технологиясы динамикалық (бір реттік) пароль түрінде пайдаланылады.

  • Дебеттік карта

    Иә, Сіз байланыссыз төлем жасай аласыз, себебі Home Card картасында байланыссыз төлем технологиясы қарастырылған.

  • Дебеттік карта

     

    Қазақстандағы халықаралық төлем жүйелерінің ережелері бойынша ПИН-кодты енгізбестен жүргізілетін байланыссыз төлемнің максималды сомасы 5 000 теңгеге тең.

  • Дебеттік карта

     

    Қазақстандағы халықаралық төлем жүйелерінің ережелері бойынша ПИН-кодты енгізбестен жүргізілетін байланыссыз төлемнің максималды сомасы 5 000 теңгеге тең.

  • Дебеттік карта

    Бонустарды есептеу кезінде аяқталған транзакциялар ескеріледі, транзакцияны сәйкестендіру мен есептен шығару 1 күннен астам уақытты алуы мүмкін. Кепілдендірілген 1% және осы операция үшін транзакциялық 2% бонусты Сіз транзакция өңделгеннен кейін аласыз. 2% депозиттік бонусты Сіз келесі айдың 1-күні аласыз. 
     Транзакцияны сәйкестендіру күнін Сіз мобильді қосымшадағы карта бойынша үзінді-көшірмеден тексере аласыз.

  • Дебеттік карта

    Бірінші кезекте, картаны мобильді қосымшада бұғаттап, Сіздің картаңыз қалған банкомат банкінің байланыс орталығына хабарласыңыз. Операторлар картаңызды қай жерден және қашан алуға болатынын айтып береді.

  • Дебеттік карта

    Картаны банктің кез келген бөлімшесінде жаба аласыз. Ол үшін өзіңізбен бірге жеке куәлігіңізді алып жүріңіз.

  • Дебеттік карта

    Сіз мобильді қосымшада ПИН-кодты қалпына келтіре аласыз, ол үшін Home Card бағдарламасының басты экранында "Операциялар" қойындысындағы "PIN-кодты өзгерту" батырмасын басу қажет.

  • Дебеттік карта

    Бұл міндетті емес. Алайда, Банк ұсынатын барлық артықшылықтарға қол жеткізу үшін біз Сізге жаңа Home Card картасын ресімдеуге кеңес береміз, өйткені ескі өнімдердің шарттары өзгермейді.

  • Дебеттік карта

    Home Card картасы бойынша комиссия қарастырылмаған. Сіз мобильді қосымшада басқа банктердің карталарына аударымдарды кез келген ыңғайлы уақытта тегін жасай аласыз.

  • Дебеттік карта

    Банк Хоум Кредит банкоматтарынан теңгерім сұрату тегін.
    Басқа банктердің банкоматтарынан теңгерім сұрату - 50 тг . 
     Сіз сондай-ақ мобильді қосымшада үйден шықпай-ақ өз шотыңыздың теңгерімін бақылай аласыз.

  • Дебеттік карта

    Атаулы карта атаусыз картадан пластикте клиенттің аты-жөнінің жазылуымен ғана ерекшеленеді. Олардың функционалдық мүмкіндіктері бірдей. Сіз атаулы картамен де, атаусыз картамен де дүкендерде, интернетте тауар сатып ала аласыз немесе аударымдар жасай аласыз.

  • Дебеттік карта

    Бонустар операциялардың келесі түрлеріне қарастырылмаған:
     - тауарды/қызметті қайтару жүргізілген операциялар;
     - банк ішіндегі картадан картаға аударымдар, банк ішіндегі өз шоттарыңыз арасындағы аударымдар және басқа банктердің карталарына аударымдар;
     - электрондық әмияндарды толықтыруға байланысты операциялар, интернет банкинг, мобильді банкинг арқылы тауарларды/қызметтерді төлеу операциялары.

  • Дебеттік карта

    Сізге аударылған бонустарды 18 ай ішінде пайдалана аласыз. Оларды жұмсауды ұмытпаңыз! :)

  • Дебеттік карта

    Иә, 500 000 теңгеден жоғары сомаға немесе шетел валютасындағы баламалы сомаға депозит немесе банктік депозиттік сертификат болған жағдайда бонус 2%-ға ұлғаяды, бұл ретте депозиттегі сома барлық есептік кезең ішінде 500 000 теңгеден төмен болмауы тиіс.
     Әрбір төлем сомасынан 1% мөлшеріндегі бонус депозиттің болуына қарамастан есептеледі.

  • Дебеттік карта

    Картаны шығару және қызмет көрсету – 0 теңге.  
    Толық ақпаратты мына сілтемеден таба аласыз.

  • Дебеттік карта

    келесі лимиттер көзделген:
     - Банкоматтан қаражат алу кезінде 1 000 000 теңге (кемінде 10 операция);
     - Банк бөлімшелеріндегі кассалар арқылы алған кезде 2 000 000 теңге (кемінде 10 операция);
     - Сауда-сервистік кәсіпорындарындағы қолма-қол ақшасыз операциялар бойынша 2 000 000 теңге (кемінде 10 операция);
     - Интернет операцилары бойынша 1 000 000 теңге (кемінде 10 операция).

  • Қаржылық қорғау

    Кредит ресімдегісі келетін барлық клиент "Құқықтық қорғау" сақтандыру өнімінің талаптарымен танысып, шарт жасай алады.

  • Қаржылық қорғау

    "Құқықтық қорғау" – барлық құқық салалары бойынша клиенттерге бір жыл ішінде тәулік бойы онлайн режимде білікті заң көмегін ұсыну және ЖКО нәтижесінде денсаулығына және өміріне зиян келтіру қаупін өтеу. Сақтандыру шартын ресімдеу түрінде қолжетімді.

  • Қаржылық қорғау

    "Құқықтық қорғау" қызметі кредитті ресімдеу кезінде міндетті болып табылмайды.

  • Қаржылық қорғау

    "Төлем демалысын" алу үшін мерзімін кешіктірмей өтеген үш төлемнен кейін, яғни 3 айдан кейін, бірақ кезекті төлем күніне дейін 6 күннен кешіктірмей Банк бөлімшесіне жүгіну қажет.

  • Қаржылық қорғау

    Сақтандырудың барлық ұсынылған түрлері - ерікті.

  • Қаржылық қорғау

    "Қаржылық қорғау" қызметі – бұл Банк тарапынан кредитті пайдалану кезінде икемділікті ұсыну (кредит мерзімін 2 айға дейін ұзарту) және сақтандыру компаниясы тарапынан еңбек ету қабілетінен айырылу тәуекелдерін өтеу. Осы қызметті таңдай отырып, Сіз кез келген өмірлік жағдайда қолдайтын кешенді шешімге ие боласыз. Сіздің өміріңіз бен денсаулығыңыз "Еуропалық сақтандыру компаниясы" АҚ-да сақтандырылады.

  • Қаржылық қорғау

    Банк Хоум Кредит келесі сақтандыру түрлерін ұсынады:
     - Қаржылық қорғау
     - Құқықтық қорғау

  • Қаржылық қорғау

    Все желающие при оформлении кредита могут ознакомиться с условиями страховой услуги «Финансовая защита» и заключить договор.

  • Қаржылық қорғау

    Кредит ресімдегісі келетін барлық клиенттер "Қаржылық қорғау" сақтандыру қызметінің талаптарымен танысып, шарт жасай алады.

  • Қаржылық қорғау

    Жоқ. "Қаржылық қорғау" - бұл өз бетінше пайдаланылатын және кредитті өтеуге байланысты емес қосымша өнім.

  • Қаржылық қорғау

    Міндетті төлем сомасын мобильді қосымшадағы "Кесте" бөлімінен, сондай –ақ Банктің SMS-хабарламасы арқылы біле аласыз.

  • Кредит картасы

    Комиссия 0 тг. за снятие денег в любых банкоматах (не взимается Банком Хоум Кредит)

    Кэшбэк (бонус) до 5%
    Рассрочка по всему миру до 3-х месяцев от 20 000 тг
    Рассрочка за безналичную оплату товаров и услуг в сети партнёров до 12 месяцев
    Стоимость годового обслуживания - 0 тг.

    Отсутствие комиссии за обслуживание

    Льготный период – до 62 календарных дней только на безналичные операции по оплате товаров (работ, услуг) до 20 000 тг (не включительно), при условии погашения использованной задолженности в 100% размере. Ежемесячная комиссия за ведение счета не входит в льготный период. Льготный период может составлять 62 дня, в случае если в двух месяцах подряд по 31 дню

  • Кредит картасы

    «ДОС» және «Сулпак ко-брэнд» кредит карточкалары

  • Кредит картасы

     

    1) Клиенттің жасы – ағымдағы клиенттер үшін 21 жастан бастап (жаңа клиенттер үшін 22 жастан бастап) 63 жасқа дейін (қоса алғанда);

    2) кредит карточкасы кредитті өтеу үшін жеткілікті ресми табысы бар ҚР азаматтарына беріледі;

    3) шартты ресімдеу үшін жеткілікті, Клиент ұсынуы тиіс міндетті құжаттардың тізімі:

    - жұмыс істейтін клиенттер үшін – ЖСН көрсетілген жеке куәлік;

    - зейнеткерлер үшін– жеке куәлік және зейнеткер куәлігі (әйелдер үшін 59 жасқа дейін, ерлер үшін 63 жасқа дейін), «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы берген зейнетақы төлемдерінің болу фактісін растайтын анықтама;

    - әскери қызметшілер үшін – жеке куәлік және әскери билет немесе ІІМ/ҰҚК қызметтік хабарламасы немесе табысы туралы анықтама.

  • Кредит картасы

     

    Кез келген банкоматтан қолма-қол ақша алғаны үшін комиссия - 0 тг (Банк Хоум Кредит комиссия есептемейді)

    5%-ға дейін кэшбэк (бонус) 
    бүкіл әлем бойынша 20 000 тг басталатын соманы құрайтын заттарды 3 айға дейін бөліп төлеу
    Серіктестердің желісінде тауарлар мен қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз төлемді 12 айға дейін бөліп төлеу
    Жылдық қызмет көрсету құны - 0 тг.

    Қызмет көрсеткені үшін комиссия есептелмейді

    Жеңілдікті кезең – күнтізбелік 62 күнге дейін, пайдаланылған берешек 100% мөлшерде өтелген жағдайда 20 000 теңгеге дейінгі сомадағы тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) төлеу бойынша қолма-қол ақшасыз операцияларға қолданылады. Шотты жүргізу үшін ай сайынғы комиссия жеңілдікті кезеңге кірмейді. Жеңілдікті кезең, егер екі ай қатарынан 31 күн болса, 62 күнді құрауы мүмкін.

  • Кредит картасы

    Кредиттік лимит – 2 000 000 теңгеге дейін.

    Кез келген банкоматтан қолма-қол ақша алғаны үшін комиссия - 0 тг (Банк Хоум Кредит комиссия есептемейді)

    6%-ға дейін кэшбек

    Бүкіл әлем бойынша 50 000 тг басталатын қолма-қол ақшасыз операцияларды 5 айға дейін бөліп төлеу

    Серіктестердің желісінде тауарлар мен қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз төлемді 12 айға дейін бөліп төлеу

    ҚР кез келген карталарына комиссиясыз аударымдар жасау

    Шартқа қол қойылған күннен бастап 14 күн ішінде жасалған қолма-қол ақшасыз алғашқы транзакция сомасынан  (15 000 бонустан артық емес) Welcome Bonus – 10% 

    Жеңілдікті кезең – күнтізбелік 62 күнге дейін, пайдаланылған берешек 100% мөлшерде өтелген жағдайда 50 000 теңгеге дейінгі сомадағы тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) төлеу бойынша қолма-қол ақшасыз операцияларға қолданылады. Шотты жүргізу үшін ай сайынғы комиссия жеңілдікті кезеңге кірмейді. Жеңілдікті кезең, егер екі ай қатарынан 31 күн болса, 62 күнді құрауы мүмкін.

    Жылдық қызмет көрсету - 0 тг.

    Қызмет көрсеткені үшін ай сайынғы комиссия - 499 тг

  • Кредит картасы

    Кредиттік лимит – 1 000 000 теңгеге дейін

    Кез келген банкоматтан қолма-қол ақша алғаны үшін комиссия - 0 тг (Банк Хоум Кредит комиссия есептемейді)

    4,3%-ға дейін кешбэк:

       4,3% бонус– «Sulpak» желісінде 50 000 тг. дейін қолма-қол ақшасыз операциялар үшін есептеледі.

       2% бонус – «Sulpak» желісінде 50 000 тг. бастап жүргізілген қолма-қол ақшасыз операциялар үшін есептеледі.

       1% бонус – Sulpak желісінен тыс жерде жүргізілген қолма-қол ақшасыз операциялар үшін есептеледі.

       Бонустарды тек «Sulpak» желісінде жұмсауға болады.   Бонустық сыйақы бойынша ай сайынғы шектеу – 10 000тг.

    Шартқа қол қойылған күннен бастап 30 күн ішінде 10 000 тг. басталатын сомаға қолма-қол ақшасыз транзакция жасалса, 500 тг мөлшерінде Welcome Bonus беріледі.

    Бүкіл әлем бойынша 50 000 тг басталатын қолма-қол ақшасыз операцияларды 3 айға дейін бөліп төлеу

    Sulpak серіктес желісінде тауарлар  үшін қолма-қол ақшасыз төлемді 12 айға дейін бөліп төлеу

    ҚР кез келген карталарына комиссиясыз аударымдар жасау

    Жеңілдікті кезең – күнтізбелік 62 күнге дейін, пайдаланылған берешек 100% мөлшерде өтелген жағдайда 50 000 теңгеге дейінгі сомадағы тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) төлеу бойынша қолма-қол ақшасыз операцияларға қолданылады. Шотты жүргізу үшін ай сайынғы комиссия жеңілдікті кезеңге кірмейді. Жеңілдікті кезең, егер екі ай қатарынан 31 күн болса, 62 күнді құрауы мүмкін.

    Жылдық қызмет көрсету - 0 тг.

    Қызмет көрсеткені үшін ай сайынғы комиссия - 499 тг

  • Кредит картасы

    Өтінімді мобильді қосымшада, Банктің ресми сайты арқылы беріңіз немесе Банктің бөлімшесіне не серіктестердің сауда нүктелеріне жүгініңіз.

  • Кредит картасы

    Мобильді қосымшада «Кредит карточкалары» бөлімін ашыңыз және «Карточканы белсендіру» батырмасын басыңыз.

  • Кредит картасы

    Қазіргі уақытта төлем жасау мүмкін емес, бірақ біз осы функцияны әзірлеудеміз.  Банктің ресми сайтында және әлеуметтік желілердегі парақшаларында жарияланатын жаңалықтарды қадағалаңыз.

  • Кредит картасы

    Кредит карточкасынан Қазақстанның басқа банктерінің карточкаларына аударымдар жасауға болады.

    Біздің банктің карточкаларына кредит карточкасынан аударымдар жасау функциясы қолжетімді емес. 

  • Кредит картасы

    Бұл Банк қолма-қол ақшасыз төлемдер үшін 62 күнге дейін сыйақы есептемейтін кезең. Жеңілдікті кезең операция жасалған күннен бастап өтеу кезеңі аяқталған күнге дейін жалғасады, бұл ретте пайдаланылған берешек 100% мөлшерде өтелуі тиіс. Шотты жүргізу үшін ай сайынғы комиссия жеңілдікті кезеңге кірмейді. Жеңілдікті кезең, егер екі ай қатарынан 31 күн болса, 62 күнді құрауы мүмкін.

  • Кредит картасы

    Кредит карточкасынан қолма-қол ақша алынған жағдайда, сондай-ақ кредит карточкасынан Қазақстанның басқа банктерінің карточкаларына ақша қаражаты аударылған жағдайда жеңілдікті кезең берілмейді.

  • Кредит картасы

    Бұл Банк төлем жасау үшін ұсынатын сома. Банк кредиттік лимит мөлшерін дербес белгілейді. Банк нақты жұмсалған сомаға ғана пайыздар есептейтінін есте сақтаңыз. Кредиттік лимит жаңартпалы болып табылады. Егер сіз жұмсалған сома мөлшерінде ақша қаражатын енгізсеңіз, кредиттік лимит сомасы енгізілген сомаға ұлғаяды.

  • Кредит картасы

    Кредиттік лимитті ұлғайту үшін Банк бөлімшесіне жүгіну қажет. Банк сіздің төлем қабілеттілігіңізге байланысты және автоматтандырылған скоринг жүйесінің нәтижелері бойынша кредиттік лимитті дербес ұлғайта алатынына назарыңызды аударамыз. Банк кредиттік лимит сомасын ұлғайтқан жағдайда жазбаша хабарлама немесе SMS растау  жолдайды.

  • Кредит картасы

    Сіз ай сайынғы төлем сомасын:

    1) мобильді қосымшада «Кесте» бөлімінен;

    2) Банк жіберген SMS –хабарлама арқылы;

    3) *790# пәрменін тере отырып, USSD банкинг арқылы біле аласыз.

  • Кредит картасы

    Берешек келесі әдістермен өтеледі:

    1) Клиент кредит бойынша берешекті ай сайын өтеудің тиісті төлем мерзімі аяқталғанға дейін берешек сомасының 6% - на тең минималды ай сайынғы төлем сомасынан кем емес, бірақ 3 000 теңгеден аспайтын көлемде төлейді. 

    2) егер Банк Клиент үшін операция бойынша шарттарды (ТТК) орнатса, мұндай операциялар бойынша кредит бойынша берешек міндетті төлемдер арқылы өтеледі.  Міндетті төлемдер тиісті өтеу кезеңі аяқталғанға дейін енгізіледі.

  • Кредит картасы

    Кредитті толық мерзімінен бұрын өтеу төлем күні берешектің барлық сомасын енгізу жолымен жүзеге асырылады. Кредит карточкасы бойынша берешекті тексеру үшін «Операциялар» бөліміне кіріңіз және «Өзекті қарызды есептеу» батырмасын басыңыз.

  • Кредит картасы

    Мұндай операциялар бойынша берешек міндетті төлемдермен өтеледі. Міндетті төлемдер тиісті өтеу кезеңі аяқталғанға дейін енгізіледі. Егер Банк Клиент үшін операция бойынша шарттарды (ТТК) ­орнатса, мұндай операциялар бойынша кредит бойынша берешек міндетті төлемдер арқылы өтеледі.  Міндетті төлемдер тиісті өтеу кезеңі аяқталғанға дейін енгізіледі.

  • Кредит картасы

    Клиент төлемді өтеу кезеңінде жүргізеді.

  • Кредит картасы

    Кредит карточкасы бойынша төлем өтеу кезеңінде жүргізіледі, бұл ретте төлем 4, 14 немесе 24 күннен кешіктірілмей өтелуі тиіс. Әрбір клиент үшін белгілі бір өтеу кезеңі белгіленеді.

  • Кредит картасы

    Иә, сіз кредит карточкаңызға берешек сомасынан артатын соманы енгізе аласыз және кейіннен осы соманы өз қаражатыңыз ретінде пайдалана аласыз.

  • Кредит картасы

    Бұл үшін сізге минималды төлем сомасынан асатын соманы төлеу қажет. Сіз неғұрлым көп төлесеңіз, соғұрлым берешегіңізді ертерек өтейсіз, сәйкесінше пайыздардан үнемдейтін боласыз. Операция бойынша ТТК қалыптастырылған жағдайларды қоспағанда, ТТК қалыптастырылған төлемдер үшін мұны қолдануға болмайды .

  • Кредит картасы

    Берешекті төлеу бойынша міндеттемелерді орындамау кредиттік тарихтың нашарлауына және мерзімі өткен әрбір күн үшін мерзімі өткен берешек/талап сомасының 0,5% - ы мөлшерінде, бірақ КШ қолданылатын әрбір жылға берілген кредит сомасының 10% - нан аспайтын тұрақсыздық айыбын есептеуге әкеп соғады.

  • Кредит картасы

    Кредит шартының талаптарына сәйкес міндеттемелер орындалмаған, тиісінше орындалмаған жағдайда Банк клиенттің кез келген банктік шоттарынан акцептсіз тәртіпте мерзімі өткен берешекті өндіріп алуға құқылы, бұл ретте клиенттің ағымдағы берешегі тек клиенттің ағымдағы шотынан өтеледі.

  • Кредит картасы

    "Бұл кредиттік лимит шеңберінде кредит беру бойынша жақсартатын шарттар, ол жеңілдікті кезеңді белгілеу/сыйақы мөлшерлемесін азайту түрінде көрініс табады.

    Сіз операция (ТТК) бойынша шарттар белгіленген кредит бойынша берешекті мерзімінен бұрын толық өтей аласыз, ол үшін болжанып отырған өтеу күніне дейін 3 (үш) жұмыс күні бұрын Банк белгілеген нысанға сәйкес толтырылған жазбаша өтінішті беруіңіз қажет, бұл ретте минималды төлемдермен өтелетін берешек (болған жағдайда) өтелуі тиіс.  Міндетті төлемдермен өтелетін операциялар бойынша берешекті ішінара өтеуге жол берілмейді." Сіз 14 күн ішінде Банктің кез келген бөлімшесінде өтініш беру арқылы операция (ТТК) бойынша жақсартушы шарттардан бас тартуға құқылысыз.

  • Кредит картасы

    ТТК бойынша кезекті төлемді және қалған берешек сомасын (банкоматтан қолма-қол ақша алу + жеңілдікті кезең бойынша берешек) төлеу қажет, есептік күнге берешекті сіз ай сайын алатын SMS-хабарламадан көре аласыз.

  • Кредит картасы

    Банк Хоум Кредит банкоматтары арқылы теңгерім сұрату - тегін көрсетіледі, басқа банктердің банкоматтары арқылы теңгерім сұрату барысында 50 тг мөлшерінде комиссия алынады.

    Сондай-ақ, сіз үйден шықпастан мобильді қосымшада шоттарыңыздағы теңгерімді қадағалай аласыз.

  • Кредит картасы

    Біздің карточка бойынша елдегі кез келген банкоматтан қолма-қол ақша алғаны үшін комиссия қарастырылмаған және бұл біздің карточкамыздың өзгеше ерекшелігі.

  • Кредит картасы

    29.08.2019 кейін ресімделген карточкалар бойынша карточкаға қызмет көрсеткені үшін ай сайынғы комиссия 499 тнг құрайды (комиссия белсендірілген карточка бойынша берешек болған жағдайда алынады)

  • Кредит картасы

    Комиссия көзделмеген

  • Кредит картасы

    Егер сіз карточканы алған сәттен бастап оны белсендірмесеңіз, комиссия есептелмейді.

  • Кредит картасы

    1 бонус = 1 теңге

  • Кредит картасы

    Шартқа қол қойылған күннен бастап 14 күн ішінде жасалған қолма-қол ақшасыз алғашқы транзакцияға сәлемдік бонус есептеледі.

  • Кредит картасы

    18 ай. Бонустарды пайдалануды ұмытпаңыз! :)

  • Кредит картасы

    Бөліп төлеу қалыптастырылатын операциялар бойынша;

    Біздің мобильді қосымша арқылы жүргізілген операциялар бойынша;

    Ойын бизнесі мен тотализаторлардағы операциялар бойынша;

    Тауарды/қызметті қайтару болған операциялар бойынша;

    Банк ішіндегі және Банк шегінен тыс аударым операциялары бойынша;

    Электрондық әмияндарды толықтыруға байланысты операциялар бойынша, Интернет/ мобильді банкинг арқылы тауарларды/қызметтерді жеткізушілердің қызметтеріне ақы төлеу барысында.

  • Кредит картасы

    Сіз бонустарды мобильді қосымшада «Карточка бойынша бонустар» бөлімінде нақты ақшаға аудара аласыз.

    Мобильді қосымшада кредит карточкасын пайдаланғаны үшін есептелген бонустар көрсетіледі.

  • Кредит картасы

    Өкінішке орай, жоқ, бонустар карточкадан ақшаны есептен шығару фактісі бойынша ғана есептеледі. Егер транзакция қаражат есептен шығарылғаннан кейін жойылса, бонустарға түзету жүргізіліп, олар жойылады.

  • Кредит картасы

    Бір күнтізбелік ай ішінде сіз 15 000 теңгеге тең 15 000 бонус жинай аласыз.

  • Кредит картасы

    Бонус мөлшері транзакция жасалған жерге байланысты белгіленеді. Мысалы, супермаркеттерде– 1%, мейрамханаларда, барларда, жанармай станцияларында – 3%, дәріханаларда – 5%.

  • Кредит картасы

    Әрбір қолма-қол ақшасыз транзакция үшін 1% кепілдендірілген бонус    

    Саяхат, киім & қызметтер мен тауарларды онлайн режимде төлегені үшін + 2%  

    АЖС, мейрамханалар, кафелердегі төлемдерге + 3%  

    Ойын-сауық және фитнес орталықтарындағы төлемдер үшін +4%

    Денсаулық сақтау орталықтарындағы (дәріханалар, медициналық қызметтер) төлемдер үшін +5%

    Демалыс күндері қолма-қол ақшасыз әрбір транзакция үшін 1% 

    Жиналған бонустарды қосымшада теңгеге аударуға болады.

  • Кредит картасы

    Осындай жағдайға тап болғаныңыз өте өкінішті.

    Ең алдымен келесілерді тексеру қажет:

    1. Сіз қолма-қол ақшасыз операция жасадыңыз ба?
    2. 29.08.2019 кейін ресімделген карточкалар бойынша қолма-қол ақшасыз операция сомасы 50 000 теңгеден (қоспағанда) кем және 29.08.2019 дейін ресімделген карточкалар бойынша  қолма-қол ақшасыз операция сомасы 20 000 теңгеден (қоспағанда) кем болуы тиіс. Сіз осы талапты сақтадыңыз ба?

     Сонымен қатар сұрақтар және жауаптар бөлімінде «Бонустар» тармағында көрсетілген сұрақтарды оқыңыз және жауаптарыңызды қайта тексеріңіз. Егер үш сұраққа иә деп жауап берсеңіз, туындаған мәселені Банктің ресми арналары (әлеуметтік желілердегі парақшалар, мобильді қосымшада/Банктің сайтында орналасқан онлайн-тілдесу жүйесі, WhatsApp нөмірі немесе 7373 нөмірі (ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін) бойынша Банктің байланыс-орталығы) арқылы шешіңіз.

  • Кредит картасы

    Мұндай жағдайға тап болғаныңыз өкінішті.

    Бонустардың қате есептелуі туралы мәселені Банктің ресми арналары (әлеуметтік желілердегі парақшалар, мобильді қосымшада/Банктің сайтында орналасқан онлайн-тілдесу жүйесі, WhatsApp нөмірі немесе 7373 нөмірі (ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін) бойынша Банктің байланыс-орталығы) арқылы шешу қажет.

  • Кредит картасы

    Иә, бұл жағдайда бонустар өнім шарттарына сәйкес есептеледі.

  • Кредит картасы

    Сіз ПИН-кодты мобильді қосымшада қалпына келтіре аласыз.  Ол үшін:

     1) "Кредит картасы" бөліміне кіріңіз;

    2) "Операциялар" қосымша бетін ашыңыз;

    3) «PIN-кодты ауыстыру батырмасын басыңыз». Сонымен қатар *790# пәрменін тере отырып, USSD қызметін пайдалануға немесе 7373 нөмірі бойынша байланыс-орталығына хабарласуға (ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін) болады. 

  • Кредит картасы

    Қауіпсіздік мақсатында мобильді қосымшада карточканы бұғаттауды ұсынамыз. Егер сіз карточкаңызды тапсаңыз, оны мобильді қосымшада оңай түрде бұғаттан шығара аласыз. Егер карточкаңыз табылмаса, карточканы қайта шығару үшін сізге 7373 нөмірі бойынша байланыс-орталығына хабарласу қажет.

  • Кредит картасы

    Иә. Операциялар шетел валютасында жүргізілген кезде шоттан соманы есептен шығару транзакцияны растау сәтінде қолданылатын бағам бойынша жүзеге асырылады. Банк операция сомасын айырбастауды Банк операцияны өңдеу сәтінде қолданатын Банктің бағамы бойынша жүзеге асырады.

  • Кредит картасы

    Сыйақы операция расталған сәттен бастап есептеледі.

  • Кредит картасы

    Сыйақы операция расталған* сәттен бастап әрбір күн үшін кредит шартында көрсетілген мөлшерлеме бойынша есептеледі.

     * біздің банктің эквайер банкінен қаржы құжатын алуы. 

  • Кредит картасы

    Иә, сіз интернетте төлем жасау үшін кредит карточкасын пайдалана аласыз. Карта сіздің операцияларыңыз бен ақшаңыздың қауіпсіздігі үшін 3D Secure технологиясымен жабдықталған. Технология динамикалық (бір реттік) құпиясөз түрінде көрініс табады. Интернет операциялары бойынша белгіленген тәуліктік лимит 70000 теңгені құрайды, лимитті өзгерту үшін 7373 нөмірі бойынша қоңырау шалыңыз.

  • Кредит картасы

    Қазақстандағы халықаралық төлем жүйелерінің ережелері бойынша ПИН-кодты енгізбестен байланыссыз төлемнің максималды сомасы 5 000 теңгеге тең.

  • Кредит картасы

    Бірінші кезекте, карточканы мобильді қосымшада бұғаттаңыз және оны қайта шығару үшін 7373 нөмірі бойынша Банктің байланыс орталығына хабарласыңыз (карточканы қайта шығару 10 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады). Карточка қайта шығарылғаннан кейін сізге смс-хабарлама келеді, осы хабарламада карточканы алып кетуге болатын Банк бөлімшесінің мекенжайы көрсетілген. 

  • Кредит картасы

    Атаулы карточка атаулы емес карточкадан пластиктегі атауымен ғана ерекшелінеді. Олардың функционалдық мүмкіндіктері бірдей. Атаулы карточкамен, сондай-ақ атаулы емес карточкамен дүкендерде, интернетте төлем жасауға, сонымен қатар аударымдар жасауға және қабылдауға болады.

  • Кредит картасы

    Кредит карточкасының қолданылу мерзімі оны алған сәттен бастап 5 жылды құрайды.

  • Кредит картасы

    Карточканы қайта шығару үшін сізге 7373 нөмірі бойынша хабарласу қажет.

  • Кредит картасы

    Егер карточканы уақытша бұғаттағыңыз келсе, сіз мобильді қосымшада карточканы бұғаттау функциясын пайдалана аласыз, сондай-ақ 7373 нөмірі бойынша (ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін) байланыс орталығына хабарласуға болады.

  • Кредит картасы

    Егер сіз карточкаңызды уақытша бұғаттасаңыз, оны бұғаттан шығару үшін  мобильді қосымшаны пайдаланыңыз.

    Карточканың жоғалуы/ұрлануы себебі бойынша ол байланыс орталығы арқылы тұрақты бұғатталған жағдайда, карточканы бұғаттан шығару мүмкін емес. Бұл жағдайда карточка жойылады және қайта шығарылады.

  • Кредит картасы

    Карточканы жабу үшін Сізге кредит карточкасы бойынша берешектің толық сомасын енгізу, Банктің жақын орналасқан бөлімшесіне бару және өтінішті толтыру қажет. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болуы керек. Карточканы жабу мерзімі 30 жұмыс күнін құрайды. 

  • Мобильді қосымша

    Қарапайым және толық тіркелу.

  • Мобильді қосымша

    Егер Сіз тек кредит және/немесе кредит картасын ресімдесеңіз, Сізге қарапайым тіркелу қолжетімді. Ол 4 қадамнан тұрады:

    • шарт жасасу кезінде көрсетілген телефон нөмірін енгізу;
    • ЖСН енгізу;
    • Сіздің нөміріңізге Банк жіберген SMS кодты енгізу;
    • мобильді қосымшаға кіру үшін құпиясөз орнату.

     

    Қарапайым тіркелуден өткен клиент үшін «Төлемдер мен аударымдар» бөлімі қолжетімсіз.

     

  • Мобильді қосымша

    Депозит, дебет карточкасы немесе ағымдағы шот (кредит пен кредит карточкасынан басқа) ресімделген жағдайда, толық тіркелу қолжетімді болады және ол 5 қадамнан тұрады:

    1. шарт жасасу кезінде көрсетілген телефон нөмірін енгізу;
    2. өнім нөмірін енгізу*;
    3. Сіздің нөміріңізге Банк жіберген SMS кодты енгізу;
    4. мобильді қосымшаға кіру кодын орнату;
    5. мобильді қосымшаға кіру үшін құпиясөз орнату.

    * Өнім нөмірі - кредит шартының, кредит/дебет карточкасының, депозит шартының, ағымдағы шоттың нөмірі.

  • Мобильді қосымша

    Ол үшін Сізге мобильді қосымшаның көмегімен дебет карточкасына тапсырыс беру немесе депозит ашу жеткілікті.

  • Мобильді қосымша

    Мобильді қосымшаға кіру кезінде құпиясөзді әр жолы енгізбеу үшін келесі жылдам кіру түрлерінің бірін пайдалануға болады:

    1. саусақ ізі (IOS және Android үшін),
    2. бет әлпетін растау (тек iOS және IPhone X-тан кейінгі модельдер үшін),
    3. ПИН-код (IOS және Android үшін).
     

    Смартфон моделіне байланысты, жеке кабинетке бірінші рет кіргеннен кейін жылдам кіру тәсілдерінің бірін орнату қажет.

  • Мобильді қосымша

    Тіркелу үшін:
    1. телефон нөмірін енгізіңіз (шарт жасасу кезінде көрсетілген);
    2.  жеке куәлік/шарт/ карточка нөмірін көрсетіңіз;
    3. ұялы телефон нөміріне келген тексеру кодын енгізіңіз;
    4. мобильді қосымшаға кіру үшін құпиясөз ойлап табыңыз.

  • Мобильді қосымша

    Иә. Сіз Банк Хоум Кредиттің клиенті болмасаңыз да, Сізге қосымшаның кейбір сервистері қолжетімді. 

     

    Төлемдер, аударымдар (карточкадан басқа Банктің карточкасына), дебет немесе кредит карточкасына тапсырыс беру, кезекті брондау.

  • Мобильді қосымша

    Егер Сіз Банктің клиенті болмасаңыз, тіркелу үшін:
    1. телефон нөмірін енгізіңіз;
    2. ЖСН енгізіңіз;
    3. ұялы телефон нөміріне келген тексеру кодын енгізіңіз;
    4. мобильді қосымшаға кіру үшін құпиясөз ойлап табыңыз. 

  • Мобильді қосымша

    Банк клиенттеріне мынадай сервистер қолжетімді:
    1) шоттар мен үзінді-көшірмелерді қарау;
    2) әр түрлі аударымдар жасау;
    3) 500-ден астам қызметке ақы төлеу;
    4) электрондық кезекпен жабдықталған бөлімшелерде кезекті брондау;
    5) берешектің бар/жоғы туралы анықтамаға тапсырыс беру;
    6) валюта айырбастау;
    7) кредит, дебет/кредит карточкасын алуға онлайн өтінім беру;
    8) кодтық сөзді ауыстыру;
    9) карточканың PIN-кодын ауыстыру;
    10) депозитті, ағымдағы шотты, банктік депозиттік сертификатты ашу;
    11) ағымдағы шотты, депозитті жабу;
    12) кредитті мерзімінен бұрын өтеу;

    13) кредит карточкасы бойынша өтеу кестесін және берешек сомасын қадағалау;

    14) ҚР кез келген банктерінің карточкаларынан кредитті өтеу, төлем карточкасын, депозитті толықтыру;

     
  • Мобильді қосымша

    Сіз Банктің клиенті болмаған жағдайда, Сізге келесі қызметтер қолжетімді:
    1) карточкадан кез келген банктің карточкасына аударымдар;
    2) кез келген банктің карточкасынан комиссиясыз 500-ден астам қызметке ақы төлеу;
    3) кредит/ дебет карточкасына, сондай-ақ қолма-қол ақшамен кредитке өтінім беру.

  • Мобильді қосымша

    Жоқ, қосымшада төлемдердің барлық түрлері комиссиясыз жүзеге асырылады.

  • Мобильді қосымша

    Банк аударым үшін комиссия ұстамайды. Бірақ есептен шығару шоты ретінде ҚР басқа банкінің карточкасы қатысатын аударымдарда эмитент банк тарапынан комиссия алынуы мүмкін. 

  • Мобильді қосымша

    Қызмет Банк клиенттеріне мобильді қосымшада қолжетімді. Ағымдағы шотты үш валютада ашуға болады: KZT, USD, EUR. Шотты ашу белсенді ағымдағы шоттары жоқ тұлғаларға қолжетімді.  Қызмет тегін.

     

    Мобильді қосымшаның басты бетінде «Ағымдағы шоттар» бөлімін таңдап, «Ағымдағы шотты ашу» батырмасын басыңыз. Бұдан әрі Сізге қажетті валютаны таңдап, сұратылған ақпаратты толтырып, ағымдағы шотты ашу және жүргізу шарттарымен және Банкте банктік қызмет көрсету шартымен танысу, смс-кодты көрсету қажет. Өтінім мәртебесін «Тарих» бөлімінде тексере аласыз. 

  • Мобильді қосымша

    Қызмет тек Банк клиенттеріне мобильді қосымшада қолжетімді. Сіз алу және толықтыру немесе тек жинақтау мүмкіндігі қарастырылған әр түрлі валюталарда депозит аша аласыз. Басты беттегі «Депозит ашу» бөлімін ашып, содан кейін Сізге шарттары ұнаған депозитті таңдаңыз, одан әрі шарттармен танысқаныңыз жөніндегі белгіні қойыңыз. Сізге қажетті жолаққа енгізу қажет смс-код келеді. Өтінім мәртебесін «Өтінім тарихы» бөлімінде тексеруге болады. Біраз уақыттан кейін Сіздің депозитіңіз басты бетте көрінеді.

     

    Депозитке өтінім мақұлданғаннан кейін салым сомасын енгізу оны берген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады. Әйтпесе, банктік салым шарты жасалмаған болып есептеледі

  • Мобильді қосымша

    Банк клиенті бөлімшеге бармай-ақ қосымшада банктік депозиттік сертификат аша алады. Минималды сома 500 000 теңгеден басталады. Депозитті ашу алдында ағымдағы шотқа ақшалай қаражат салу қажет. Банктік депозиттік сертификат 15% мөлшерлемесімен 12 айға дереу ашылады. Депозит ашу үшін «Басты» беттегі «Депозиттік сертификат ашу» бөлімін таңдаңыз. Шарттармен танысып, банктік депозиттік сертификатты ашу үшін есептен шығару шотын таңдап, одан әрі «Сертификат сатып алу» батырмасын басып, қажетті жолақта смс-кодты көрсетіңіз. Өтінім мәртебесін «Тарих» бөлімінде тексеруге болады. Біраз уақыттан кейін Сіздің банктік депозиттік сертификатыңыз басты бетте көрінеді.

  • Мобильді қосымша

    Иә, Сіз бөлімшеге бармай қосымшада бұл қызметті пайдалана аласыз.
    Ол үшін жабу қажет ағымдағы шотты таңдаңыз. Ағымдағы шотта қалдық 0 болуы тиіс. «Ағымдағы шотты жабу» батырмасын басып, әрекетіңізді растаңыз, смс-кодты қажетті жолаққа енгізіңіз. Біраз уақыттан кейін өтінім мәртебесін «Өтінімдер тарихы» бөлімінде қадағалауға болады. Ағымдағы шот 5-10 минут ішінде жабылады.
    Қызмет банк клиенті болып табылмайтын тұлғаларға, сондай-ақ бұғатталған немесе тыйым салынған шоттары бар клиенттерге қолжетімсіз. Егер ағымдағы шот депозитке байланыстырылған болса, бұл қызмет қолжетімсіз болады.

  • Мобильді қосымша

    Иә. Ол үшін басты бетте жабуды жоспарлаған депозитті таңдап, «Депозитті жабу» батырмасын басып, жабу шарттарымен танысып, қажетті жолақта смс-кодты көрсетіңіз. Біраз уақыттан кейін осы өтінім мәртебесін Сіз «Тарих» бөлімінде тексере аласыз

  • Мобильді қосымша

    Тек Банк клиенттері. 

  • Мобильді қосымша

    Бонустарды карточкаға аудару үшін:

    1) басты беттегі «Менің карталарым» бөліміне кіріңіз;

    2) тиісті кредит карточкасын таңдаңыз;

    3) «Операциялар» батырмасын басыңыз;

    4) «Карта бойынша бонустар» қойындысын таңдаңыз, одан әрі «Картаға аудару» басып, аударымды растаңыз.

    Сіз оларды қызметтерді төлеу, аударымдар жасау үшін пайдалана аласыз.

     

    Маңызды ақпарат! Бонустар 18 ай бойы жарамды, аударыңыз да, пайдаланыңыз 

  • Мобильді қосымша

    Иә, Сіз дебет немесе кредит карточкасының PIN кодын ауыстыра аласыз. Басты бетте қажетті карточканы таңдап, «PIN-кодты өзгерту» батырмасын басыңыз.

     

    Клиент тіркелу кезінде көрсеткен құпиясөз белгілі бір уақыт ғана әрекет етеді. Әдепкі мерзім күнтізбелік 30 күнге тең. Клиент құпиясөздің әрекет ету мерзімін «Баптау» бөлімінде 90 күнге дейін ұзарта алады.

  • Мобильді қосымша

    Басты бетте қажетті өнімді таңдаңыз да, үзінді-көшірмесі қажет тиісті кезеңді көрсетіңіз.

  • Мобильді қосымша

    Иә, тапсырыс бере аласыз. Сіз өтінімді қалдырғаннан кейін, Банк қызметкері Сізге хабарласады.

  • Мобильді қосымша

    Банк клиенті қосымшада мынадай аударым түрлерін пайдалана алады: 
    1) өз шоттары арасында; 
    2) карточкадан Банк Хоум Кредит клиентінің карточкасына; 
    3) карточкадан Банк Хоум Кредит клиентінің карточкасына ұялы телефон нөмірі бойынша; 
    4) карточкадан ҚР кез келген банкінің карточкасына; 
    5) ҚР басқа банкінің карточкасынан кредитті, депозитті толықтыру, Банк Хоум Кредит карточкасына аударым жасау; 
    6) басқа банктегі ағымдағы шотқа банкаралық аударым.
    Сондай-ақ, Сізге «Шотты бөлу» және валюта айырбастау сияқты қызметтер қолжетімді.

  • Мобильді қосымша

    Мысалы, Сіз достарыңызбен мейрамханаға баруды шештіңіз делік. Кешкі астан кейін шотты бөлу арқылы төлем жасау қажет. Сіз жай ғана телефон нөмірлерін көрсетіп, өзіңіздің Банк Хоум Кредит карточкаңызға ақша аласыз. Сұрауды алушыларға біздің мобильді қосымшамызда басқа банктің карточкасынан немесе Банк Хоум Кредит карточкасынан аударым жасауға болады.

  • Мобильді қосымша


    «Аударымдар», «Валюта айырбастау» бөлімін таңдаңыз. Есептен шығару шотын және есепке алу шотын көрсетіңіз.
    Операция ағымдағы шоттар мен депозиттердің қатысуымен мүмкін. Бұл операцияға карточкалар әзірше қатыспайды.
    Валюта айырбастау валюталардың келесі комбинациясында мүмкін: 
    KZT-USD; USD-KZT; KZT-EUR; EUR-KZT.
    Валюта айырбастаудың ең төменгі сомасы 10 АҚШ доллары/еуро. Соманы тек шетел валютасында көрсету қажет. Операция тәулік бойы қолжетімді. Демалыс және мереке күндері лимит болуы мүмкін.

  • Мобильді қосымша

    Банкаралық аударым жеке тұлғаның пайдасына басқа банкке ғана жасалуы мүмкін.
    Аударым жасау үшін Сізге есептен шығару шотын (ағымдағы шот) таңдау қажет. Басқа банктегі алушының (IBAN) шотын, алушының ЖСН көрсетіңіз. Аударым тек теңгемен ғана жасалуы мүмкін.
    Басқа банктегі шотқа аударым 3 жұмыс күніне дейін уақыт талап етуі мүмкін екенін ескеріңіз. 

  • Мобильді қосымша

    «Аударымдар» бөлімінде «Тарих» қойындысын таңдаңыз. Сіз мобильді қосымшада жасалған барлық аударымдардың мәліметтерін тексере аласыз.

  • Мобильді қосымша

    Иә, Сіз Банк Хоум Кредит дебет карточкасынан, теңгедегі ағымдағы шоттан, ҚР басқа банкінің карточкасынан төлем жасай аласыз.

  • Мобильді қосымша

    Мобильді қосымшада жасалған төлемдердің мәртебесін тексеру үшін «Төлемдер» - «Тарих» бөлімін таңдаңыз. 

  • Мобильді қосымша

    Мобильді қосымшада «Ақшалай кредитке өтінімді» таңдап, жолақтарды толтырыңыз да, нұсқауларды орындаңыз.
    Барлық кезеңдерден сәтті өткен жағдайда, Сіз хабарлама аласыз және ақшалай қаражат Сіз таңдаған шотқа 3 жұмыс күні ішінде аударылады.
    Кредит беруден бас тартқан жағдайда, Сізге хабарлама келеді.

  • Мобильді қосымша

    «Мәзір», «Баптау», «Бағдарлама тілдері» бөлімін таңдап, қажетті тілді басыңыз да, қосымшаны Сізге ыңғайлы тілде пайдаланыңыз.

     

  • Мобильді қосымша

     Телефон нөмірін өзгерту үшін Сізге Банк бөлімшесіне жүгіну қажет.
    Бөлімшелердің мекен-жайларын мына сілтемеден көруге болады. 

  • Мобильді қосымша

    Ұялы операторыңызға хабарласып, SIM картаны бұғаттаңыз.
    Сіз Интернет-банкинг арқылы жеке кабинетке https://ib.homecredit.kz/ кіріп, құпиясөзді өзгерте аласыз.
    Егер мұндай мүмкіндік болмаса, 7373 нөміріне қоңырау шалыңыз (Ұялы телефоннан тегін). Біз Сіздің жеке кабинетіңізге кіруіңізді уақытша бұғаттаймыз.
    SIM-картаны қалпына келтіргеннен кейін, жеке кабинетке кіру үшін 7373 нөміріне қайта хабарласуыңызға болады.

  • Мобильді қосымша

    Сіз қосымшадағы «Мәзір» бөлімінде кодтық сөзді өзгерте аласыз. Кодтық сөз Сіздің барлық өнімдеріңіз үшін қолданылады, бұл сәйкестендіру кезінде байланыс орталығының қызмет көрсетуін жеңілдетеді.

  • Мобильді қосымша

    Иә, валюта бағамын «Мәзір» бөлімінде көруге болады, сату және сатып алу бағамы АҚШ доллары мен Еуро валюталарында ұсынылған, сонымен қатар «Аударымдар» бөлімінде «Валюта айырбастау» операциясы қолжетімді.

  • Мобильді қосымша

    Иә, кредитті басқа кез келген банктің картасынан комиссиясыз өтеуге болады. Біздің қосымшамызда Kaspi картасынан есептен шығару эмитент банкі тарапынан қойылған шектеулерге байланысты мүмкін емес.  Сіз кредитті мобильді қосымшада немесе банк сайтында сәйкестендірусіз өтей аласыз.

  • Мобильді қосымша

    Кредит шартының нөмірін Сіз мобильді қосымшаның басты бетіндегі «Операциялар» бөлімінің «Кредит туралы ақпарат» бөлігінде көре аласыз.

  • Мобильді қосымша

    Кредит карточкаңызды таңдап, «Операциялар» бөліміне кіріңіз де, «Ағымдағы қарызды есептеу» батырмасын басыңыз.

  • Мобильді қосымша

    Иә, бұғаттауға болады. Ол үшін карточканы таңдап, «Операциялар», «Уақытша бұғаттау» батырмасын басыңыз. Карточканы мобильді қосымшада да бұғаттан шығаруға болатынына назар аударамыз.

  • Мобильді қосымша

    Ол үшін Сіз мобильді қосымшаны пайдалана аласыз. Карточкаңызды таңдап, «Операциялар» бөліміне кіріңіз де, әрі қарай «Карточканы бұғаттан шығару» батырмасын басыңыз. 

  • Мобильді қосымша

    Егер Сіз мобильді қосымшаға кіру үшін құпиясөзді ұмытып қалсаңыз, оны қалпына келтіру үшін:
    1. «Мен құпиясөзді ұмытып қалдым» батырмасын басыңыз.
    2. мобильді қосымшада тіркелу кезінде көрсеткен телефон нөміріне смс түрінде алынған 4 таңбалы кодты енгізіп, кіру үшін жаңа құпиясөз ойлап табыңыз. 
    Құпиясөз барлық қауіпсіздік талаптарына сай болуы тиіс.

  • Мобильді қосымша

    Ол үшін:
    1. «Баптау» бөлімінде «Құпиясөзді өзгерту» басыңыз;
    2. кіру үшін ағымдағы құпиясөзіңізді енгізіңіз;
    3. жаңа құпиясөз ойлап табыңыз;
    4. жаңа құпиясөзді қайта енгізіңіз;
    5. «Құпиясөзді өзгерту» батырмасын басыңыз. 

  • Мобильді қосымша

    Егер Сіз мобильді қосымшаға кіру үшін құпиясөзді ұмытып қалсаңыз, оны қалпына келтіру үшін:
    1. «Мен құпиясөзді ұмытып қалдым» батырмасын басыңыз.
    2. жеке куәлік нөмірін енгізіңіз. Егер Сіз куәлік нөмірін ұмытып қалсаңыз немесе құжат жаныңызда болмаса, онда құпиясөзді шарт, ағымдағы шот немесе карточка (егер сізде аталған өнімдердің біреуі ресімделген жағдайда) нөмірі бойынша қалпына келтіруге болады
    3. мобильді қосымшада тіркелу кезінде көрсеткен телефон нөміріне смс түрінде алынған 4 таңбалы кодты енгізіп, кіру үшін жаңа құпиясөз ойлап табыңыз.
    Құпиясөз барлық қауіпсіздік талаптарына сай болуы тиіс.

     

  • Мобильді қосымша

    Ол үшін:
    1. «Баптау» бөлімінде «Құпиясөзді өзгерту» басыңыз;
    3. кіру үшін ағымдағы құпиясөзді енгізіңіз;
    4. кіру үшін жаңа құпиясөз ойлап табыңыз;
    5. жаңа құпиясөзді қайта енгізіңіз;
    6. «Құпиясөзді өзгерту» батырмасын басыңыз.

     

  • Мобильді қосымша

    Мерзімінен бұрын өтеу төмендегі өнімдер бойынша мүмкін емес:
    - карталық кредиттер;
    - қарызды ұйымдастырғаны үшін комиссия қарастырылған тауарлық және ақшалай кредиттер;

  • Мобильді қосымша

    Кредитті мобильді қосымшада мерзімінен бұрын өтеген жағдайда, Клиент: 
    - мерзімінен бұрын толық өтеу үшін соманы өз бетінше тексере алады;
    - Банк бөлімшесіне келу міндетті емес;
    - қосымша құжаттарға қол қою міндетті емес; 
    Кредитті 3 минут ішінде мерзімінен бұрын өтеу мобильді қосымшада өтеудің тағы бір артықшылығы. Бұл процесс тек 3 минут уақытты алады.

  • Мобильді қосымша

    Мерзімінен бұрын өтеу үшін:
    - Шарт нөмірін таңдаңыз;
    - «Мерзімінен бұрын өтеу» операциясын таңдаңыз;
    - есептен шығару үшін шотты таңдаңыз (мысалы, карточка/шот/қолма-қол ақша).
    - мерзімінен бұрын өтеуді растаңыз.
    Сіз «Кредит тарихы» бөлімінде Сіздің шартыңыздың мәртебесін көре аласыз.

  • Мобильді қосымша

    Сіз мерзімінен бұрын өтеуді келесі шоттардан жүргізе аласыз:
              -басқа банктің карточкаларынан (Каспийді қоспағанда);
              -ағымдағы шоттан;
              -Ноme Card дебет карточкасынан;
              -қолма-қол ақша арқылы касса, терминалдар және басқа да қолжетімді арналар.
    Егер Сіз «Қолма-қол ақшалай» төлеу тәсілін таңдасаңыз, бөлімшедегі кезекті брондау үшін карточка ұсынылатын экранда хабарлама көрсетіледі.
    Бұдан әрі мерзімінен бұрын өтеуге келісіміңізді білдіресіз. 
    Расталғаннан кейін экранда берілген өтінімнің өңделгені туралы хабарламаны көресіз. 
    10-15 минут ішінде Сізге SMS келеді - Сіздің № ----- кредит шартыңыз аяқталды.
    Өтінім тарихында Сіз Шарттың мәртебесін көре аласыз.

     

  • Мобильді қосымша

    Басты бетте Банк өнімдері көрсетіледі. Содан кейін Сізге кредит және кредит туралы мәліметтерді басу қажет 
    Кредиттер мен таңдалған кредит турал мәліметтер (кредит сомасы, Шарт №, ағымдағы берешек және т.б.) көрсетілген парақша ашылады. Операцияға өткен кезде клиентке «Мерзімінен бұрын өтеу» опциясы қолжетімді болады. 
    Мерзімінен бұрын өтеу парақшасында сұрау күніне толық мерзімінен бұрын өтеу сомасы және Клиент мерзімінен бұрын өтеуді жүргізе алатын есептен шығару шоты көрсетіледі.
    Сіз мерзімінен бұрын өтеуді келесі шоттардан жүргізе аласыз:
    Басқа банктің карталарынан (Каспийді қоспағанда)
    Ағымдағы шоттан
    Ноme Card дебет карточкасынан;
    Қолма-қол ақшалай - кассада, терминалдарда және басқа да қолжетімді арналарда төлеу арқылы
    Егер Сіз «Қолма-қол ақшалай» төлеу тәсілін таңдасаңыз, бөлімшедегі кезекті брондау үшін карточка ұсынылатын экранда хабарлама көрсетіледі.
    Бұдан әрі мерзімінен бұрын өтеуге келісіміңізді білдіресіз. 
    Расталғаннан кейін экранда берілген өтінімнің өңделгені туралы хабарламаны көресіз. 
    10-15 минут ішінде Сізге SMS келеді - Сіздің № ----- кредит шартыңыз аяқталды.
    Өтінім тарихында Сіз өтінім мәртебесін көре аласыз.

     

  • Мобильді қосымша

    Басты бетте кредитіңізді таңдап, «Операциялар» батырмасын басыңыз. Қажеттісін таңдаңыз:
    кез келген карточкадан төлем;
    басқа шоттан төлем.
    Егер Сіз кез келген карточкадан төлем операциясын таңдасаңыз, онда басқа банктің төлем карточкасының деректерін көрсету үшін терезе пайда болады. Назар аударыңыз! Кредит шартының сомасы мен № автоматты түрде көрсетіледі.
    Егер Сіз басқа шоттан төлем операциясын таңдасаңыз, есептен шығаруға және өтеуге қолжетімді шоттарды көрсету қажет.
    Операция мәртебесін аударымдардағы «Тарих» бөлімінде тексеруге болады.

     

  • Мобильді қосымша

    Басты бетте депозитті таңдаған жағдайда, екі операция қолжетімді болады:
              -басқа шоттан толықтыру;
              -кез келген карточкадан толықтыру.
    Сіз «Басқа шоттан толықтыру» операциясын таңдаған жағдайда, қалқымалы тізімнен есептен шығару үшін қолжетімді өнімдерді таңдайсыз.
    Егер Сіз «Кез келген картадан толықтыруды» таңдасаңыз, онда Сіз басқа банктің карточкасын қоса аласыз немесе бұрын қосылғандардан таңдай аласыз, содан кейін оны толықтыра аласыз.
    Сондай-ақ Сіз депозиттің пайдасына аудару үшін «Аударымдар» бөлімін пайдалана аласыз.
    Операция мәртебесін аударымдардағы «Тарих» бөлімінде тексеруге болады.

     

  • Мобильді қосымша

    Мобильді қосымшада Сіз келесі санаттар бойынша төлем жасай аласыз:
    - мобильді байланыс;
    - коммуналдық қызметтер;
    - Теледидар, телефония, интернет;
    - Көлік және туризм;
    - купондар, жеңілдіктер, билеттер;
    - хабарландыру сайттары;
    - каталог бойынша тауарлар;
    - букмекерлік кеңселер;
    - электрондық ақша;
    - қайырымдылық және білім беру;
    - және басқа да қызметтер.

  • Мобильді қосымша

    Мобильді қосымшаның көмегімен Сіз электрондық кезек жұмыс істейтін кез келген бөлімшеге келуді алдын-ала брондай аласыз. Ол үшін:
    - мобильді қосымшаны ашыңыз;
    - «Кезекті брондау» бөліміне өтіңіз;
    - қаланы, бөлімшені таңдаңыз;
    - «Бөлімшеге келуді брондау» батырмасын басыңыз;
    - Бөлімшеге келудің күні мен уақытын таңдаңыз;
    - «Брондау» батырмасын басыңыз.
    Кезек сәтті брондалғаннан кейін Сізге растамасымен смс келеді. Бөлімшеге келгеннен кейін Сізге мобильді қосымшада талон алу қажет. Ол үшін: «Әрекеттер - жоспарланған сапарлар - талон алу» басыңыз.

  • Мобильді қосымша

    Кредит карточкасын толықтыру үшін:
    1) басты бетте «Менің карталарым» бөлімін таңдаңыз;
    2) тиісті карточканы таңдаңыз;
    3) «Кесте» батырмасын басыңыз да, «Кез келген картадан төлем» операциясын таңдап, әрекетті растаңыз.

     

  • Мобильді қосымша

    Өкінішке орай, кейбір банктер сыртқы транзакцияларды бұғаттаған. Біздің тарапымыздан ешқандай шектеулер мен тосқауылдар жоқ, сондықтан карточкаңызды шығарған Банкке өтінішпен жүгінуіңізді сұраймыз.

  • Қолдау бағдарламасы жаңартты

    Кредит шартының мерзімі төлем мерзімін ұзарту кезеңіне сай ұзартылады және ай сайынғы төлем сомасы бұрынғыдай қалады.

     Клиентке төлем мерзімін ұзарту кезеңі үшін сыйақы есептелетін болады.

    Төлем мерзімін ұзартқаны үшін сыйақы төлем кестесінде бір төлем сомасы ағымдағы ай сайынғы төлем сомасынан аспайтын мөлшерде қосымша төлем ретінде қойылады.

     

    Мысалы: Сіздің ай сайынғы төлеміңіз 10 000 теңге болса, барлық кезең үшін төлем мерзімін ұзартқаны үшін сыйақы 12500 теңгені құрайды. Мұндай жағдайда төлем мерзімін ұзартқаны үшін сыйақы 10 000 және 2500 теңге мөлшерінде 2 төлем ретінде ұсынылады.

  • Қолдау бағдарламасы жаңартты

    Ай сайынғы төлем мөлшері бұрынғыдай қалады. Төлемдер саны артады.

    Егер клиенттің кредит шарты бойынша номиналды сыйақы мөлшері 0% - дан жоғары болса, онда шарт мерзімі x айға артады, бұл ретте ай сайынғы төлем сомасы ұлғаймайды.

  • Қолдау бағдарламасы жаңартты

    Х айдан кейін төлем кестесіне сәйкес жоспарлы өтеу күні.

  • Қолдау бағдарламасы жаңартты

    Ай сайынғы төлем сомасы қалады, кредит мерзімі/ай сайынғы төлемдер саны артады.

  • Қолдау бағдарламасы жаңартты

    Иә, кредит бойынша артық төлем мөлшері артады, өйткені төлем мерзімін ұзарту кезеңінде Банк тарапынан кредитті пайдаланғаны үшін сыйақы (шарт бойынша номиналды мөлшерлемеге сәйкес есептеледі) алынады.

  • Қолдау бағдарламасы жаңартты

    Иә, Сіз кредитті алдын ала өтей отырып, артық төлемді азайта аласыз

  • Қолдау бағдарламасы жаңартты

    Иә, Банк тарапынан кредитті пайдаланғаны үшін сыйақы (шарт бойынша номиналды мөлшерлемеге сәйкес есептеледі) алынады. Бірақ төлем мерзімін ұзарту кезеңінде ай сайынғы төлемді енгізудің қажеті жоқ.

  • Қолдау бағдарламасы жаңартты

    Өтінімді берер алдында Банк менеджері немесе оператор соманы клиентке айтады, сондай-ақ ақпаратты мобильді қосымшада көруге болады.

  • Қолдау бағдарламасы жаңартты

    Сыйақы сомасы төмендегідей есептеледі:

    Кредит бойынша номиналды мөлшерлеме * өтелмеген мерзімі өтпеген негізгі борыш * төлем мерзімі ұзартылған айлар саны

  • Қолдау бағдарламасы жаңартты

    Жоқ, себебі клиент төлем мерзімін ұзартады.

  • Қолдау бағдарламасы жаңартты

    1/06/2020 жылдан кейін банктің мобильді қосымшасында

  • Қолдау бағдарламасы жаңартты

    Банктің кез келген бөлімшесінде немесе микро-кеңсесінде 1/06/2020 жылдан кейін алуға болады

  • Қолдау бағдарламасы жаңартты

    Жоқ, қосымша ештеңеге қол қоюдың қажеті жоқ.
  • Қолдау бағдарламасы жаңартты

    Төлем мерзімін ұзарту кредит тарихына теріс әсер етпейді.

    *Бұл талап 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар 16.03.2020 шарттарына қолданылмайды, яғни төлем мерзімін ұзартукезеңі үшін кешіктірілген күндердің есебі тоқтатылмайды.

  • Қолдау бағдарламасы жаңартты

    Егер клиент жеңілдікті өтеудің барлық шарттарын (төменде) орындаған болса, төлем мерзімін ұзарту кезінде жеңілдікті шарттар (акциялық төлемдер және т.б.) сақталады:

    Жеңілдікті өтеу кезеңі қарастырылған өнімдер: жеңілдікті өтеу күніне дейін (+ төлем демалысы берілген ай) кредитті өтеу үшін өтініште көрсетілген төлем және есептелген сыйақы сомасын (бар болса) енгізсе

    Акциялық төлемдер қарастырылған өнімдер: акциялық төлемнің алдындағы күнге дейін ай сайынғы төлем мен есептелген сыйақы сомасын (бар болса) енгізсе

  • Қолдау бағдарламасы жаңартты

    2020 жылғы 18 наурызға дейін ресімделген барлық кредиттер мен кредит карталары бойынша төлем мерзімін ұзартуға болады.

  • Қолдау бағдарламасы жаңартты

    Иә, кредит шартының талаптарына сәйкес алдын ала өтеуге болады, сондай-ақ есептелген сыйақы сомасын төлеу қажет.

  • Қолдау бағдарламасы жаңартты

    Банк төлем мерзімін ұзартудан бас тартқан жағдайда, ол ҚР заңнамасына сәйкес Кредит бюросына мерзімі өткен берешек туралы ақпаратты ұсынуға міндетті. Біл ретте Сіздің кредит тарихыңыз нашарлайды, сол себепті берешегіңізді өтеуіңіз қажет.

  • Қолдау бағдарламасы жаңартты

    Иә, Сіз төмендегі арналар арқылы төлем мерзімін ұзартуға өтінім бере аласыз:

          Home Credit Bank Kazakhstan қосымшасы

          homecredit.kz сайтындағы онлайн тілдесу жүйесі

          WhatsApp +7 771 724 12 40  

          Call Center 7979​

Сұрақ қою
Сұрағыңызға жауап таппадыңыз ба?

Сізге жауап беру үшін телефон немесе пошта қажет. Спамсыз.

Сұрағыңызды немесе ұсынымыңызды енгізіп, «Жіберу» батырмасын басыңыз

Created with Sketch.
Сұрағыңыз жіберілді!
Рақмет! Банктің менеджері Сізбен жақын арада хабарласады.