Депозиттер

«Простой», АҚШ долларымен

Ақшаны валютада сақтауға арналған. Депозитті қажет жағдайда толықтыруға, ақша алуға.

 

Артықшылықтары

10 доллардан бастап

жинақтауды бастау үшін осы сома керек

күнделікті

пайыздарды қосымшада қадағалаңыз

Депозитті ресімдеудің екі жолы бар: 

 

1) Мобильді қосымшада. Жүктеу.
Егер Сіз ҚР бейрезиденті болсаңыз немесе Банктік өнімдерді ресімдемесіңіз, бұл тәсіл Сізге қолжетімді емес;

 

2) Банк бөлімшесінде. Ең жақын кеңсені таңдау

Валютасы АҚШ доллары
Мерзімі (ай) 12
Сыйақы мөлшерлемесі (жылына) 1%
Сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі 1%
Салымның минималды сомасы 10
Салымның максималды сомасы 100 000
Сыйақы төлеу Капиталдандыру Күнделікті
Ішінара алу минималды сомаға дейін қарастырылған
Қосымша жарналар максималды сомаға дейін қарастырылған
Мерзімін ұзарту қарастырылған
Мерзімінен бұрын бұзу Сыйақыны жоғалтпастан бұзу қарастырылған

 

 

 

 

Өтінім қалдырыңыз. Біздің мамандарымыз сұрақтарыңызға жауап беріп, жақын бөлімшені таңдауға көмектеседі.

Аты-жөніңіз
толтырыңыз
Телефон нөміріңіз
толтырыңыз

Қате орын алды, өтінім жіберілмеді

Сұрақтарыңызға жауаптар

Депозитті ресімдеген кезде қандай құжаттар қажет?

ҚР резиденттері үшін: ЖСН көрсетілген жеке куәлік

ҚР бейрезиденттері үшін: ЖСН көрсетілген ықтиярхаттың түпнұсқасы немесе нотариалды расталған аудармасы бар паспорттың түпнұсқасы, сондай-ақ ЖСН беру туралы куәлік
 

Егер Сіз бейрезидент болсаңыз, келесі ақпаратты мұқият оқыңыз:

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Салық кодексіне сәйкес бейрезиденттер депозиттер бойынша ай сайынғы есептелген сыйақыдан (ЖТС) салық төлеуге міндетті: 
- жеңілдікті салық салынатын елдерден - 20% 
- басқа елдерден - 15%

Бұл ретте салықты төлемеуге жол беріледі. Салықтың ұсталмауы үшін бейрезидент тұлға ҚР салық резиденті мәртебесін растауы тиіс. Растау үшін мәртебеңіз көрсетілген құжатты Банк Хоум Кредиттің кез келген бөлімшесіне тапсырыңыз. Құжат тіркелген жері бойынша салық органында беріледі.

Тұлғаның резиденттігі Резидент деп тану туралы құжатта көрсетілген әрбір күнтізбелік жыл үшін расталады.

Резиденттік сертификатын алу үшін Мемлекеттік кірістер комитетіне (МКК) жүгініңіз: 

 • Алматы және Нұр-Сұлтан қ. – МКК қалалық филиалы; 
• Басқа өңірлер үшін – МКК облыстық филиалы 

Толығырақ: www.kgd.gov.kz, www.minfin.gov.kz.

Капиталдандыру және мерзімін ұзарту дегеніміз не?

Капиталдандыру – бұл есептелген пайыздар. Олар депозит сомасына автоматты түрде қосылады. Күнделікті жаңартуларды мобильді қосымшада қадағалауға болады.

Мерзімін ұзарту – депозитті автоматты түрде ұзарту. Мысалы, Сіз бүгін депозит аштыңыз, депозит мерзімі – 12 ай. Бір жылдан кейін, дәл осы күні депозиттік шарт мерзімі ұзарады. Ағымдағы мөлшерлемеге назар аударыңыз: ұзарту күніне қолданылатын мөлшерлеме басқа болуы мүмкін, пайыздар осы мөлшерлемеге сәйкес есептеледі.
 

Депозитті кез келген ыңғайлы тәсілмен толықтырыңыз:

-    Home Credit Bank Kazakhstan қосымшасында;
-    біздің сайтта «Төлеу» бөлімінде;
-    терминалдары арқылы: Банк Хоум Кредит, QIWI, Kassa24, CyberPlat;
-    біздің бөлімшелеріміздің немесе Қазпошта бөлімшелерінің кассаларында.

 

 

 

Құжаттар