Біз мобильді құрылғыларға бейімделген жаңа, әрі ыңғайлы HOME.KZ сайтын іске қостық

Депозиттер

«Простой» депозиті

Кез-келген уақытта ақшаны толтырып және шешіп ала аласыз

Артықшылықтары

1 000 теңге

бастапқы жарна

14%

тиімді мөлшерлеме

6 айдан бастап

Сыйақы мөлшерлемесі (жылына)

Рәсімдеу әдістері

Рәсімдеудің екі әдісі қарастырылған. Рәсімдеу алдында депозитің шарттарымен мұқият танысыңыз.

 

1. Сайтта немесе қосымшада рәсімдеу.

Ол үшін "Онлайн рәсімдеу" батырмасын басып, нұсқауларды орындаңыз:
- телефон нөмірін, ЖСН енгізіңіз: әрекет етуші клиенттерді ұялы қосымшада депозит ашуға қайта бағыттайды;
- өзіңізді және жеке куәлігіңізді суретке түсіріңіз;
- сауалнаманы толтырыңыз;
- өтінімді жіберіңіз;
- депозитті толтырыңыз*.

 

 

2. Бөлімшелерде рәсімдеу.
Жақын филиалдарды картадан қараңыз және электронды кезекке тұрыңыз

 

 

 

 

Депозиттің шарттары

  6 ай 12 ай
Сыйақы мөлшерлемесі (номиналдық) 13,1%
Сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі 14%

 

Жалпы шарттар:

 

- Валютасы - теңге;
- Салымның ең төменгі сомасы - 1000 теңге;
- Салымның ең жоғарғы сомасы - шектелмеген;
- Күнделікті капиталдандыру;
- Ішінара алулар, қосымша салымдар және шарттың мерзімін ұзарту қолжетімді;
- Салымды мерзімінен бұрын алған жағдайда сыйақы сақталады. 


Депозит Нұр-Сұлтан қ. уақытымен 21:00-ге дейін (қоса алғанда) толықтырғаннан кейін ашылады. 21:00-ден кейін толықтырған жағдайда, депозит келесі күні ашылады. Интернет арқылы депозит ашқан кезде, ақша сомасы 2 жұмыс күні ішінде түспесе, депозитке өтінім жойылады.

 

 


Қоңырауға тапсырыс беріңіз.

Кеңесшіміз қоңырау шалып, сұрақтарыңызға жауап береді.

Қоңырауға тапсырыс беру

Аты-жөніңіз
толтырыңыз
Телефон нөміріңіз
толтырыңыз

Қате орын алды, өтінім жіберілмеді

Сұрақтарыңызға жауаптар

Депозитті ресімдеген кезде қандай құжаттар қажет?

ҚР резиденттері үшін: ЖСН көрсетілген жеке куәлік

ҚР бейрезиденттері үшін: ЖСН көрсетілген ықтиярхаттың түпнұсқасы немесе нотариалды расталған аудармасы бар паспорттың түпнұсқасы, сондай-ақ ЖСН беру туралы куәлік
 

Егер Сіз бейрезидент болсаңыз, келесі ақпаратты мұқият оқыңыз:

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Салық кодексіне сәйкес бейрезиденттер депозиттер бойынша ай сайынғы есептелген сыйақыдан (ЖТС) салық төлеуге міндетті: 
- жеңілдікті салық салынатын елдерден - 20% 
- басқа елдерден - 15%

Бұл ретте салықты төлемеуге жол беріледі. Салықтың ұсталмауы үшін бейрезидент тұлға ҚР салық резиденті мәртебесін растауы тиіс. Растау үшін мәртебеңіз көрсетілген құжатты Банк Хоум Кредиттің кез келген бөлімшесіне тапсырыңыз. Құжат тіркелген жері бойынша салық органында беріледі.

Тұлғаның резиденттігі Резидент деп тану туралы құжатта көрсетілген әрбір күнтізбелік жыл үшін расталады.

Резиденттік сертификатын алу үшін Мемлекеттік кірістер комитетіне (МКК) жүгініңіз: 

 • Алматы және Нұр-Сұлтан қ. – МКК қалалық филиалы; 
• Басқа өңірлер үшін – МКК облыстық филиалы 

Толығырақ: www.kgd.gov.kz, www.minfin.gov.kz.

Капиталдандыру және мерзімін ұзарту дегеніміз не?

Капиталдандыру – бұл есептелген пайыздар. Олар депозит сомасына автоматты түрде қосылады. Күнделікті жаңартуларды мобильді қосымшада қадағалауға болады.

Мерзімін ұзарту – депозитті автоматты түрде ұзарту. Мысалы, Сіз бүгін депозит аштыңыз, депозит мерзімі – 12 ай. Бір жылдан кейін, дәл осы күні депозиттік шарт мерзімі ұзарады. Ағымдағы мөлшерлемеге назар аударыңыз: ұзарту күніне қолданылатын мөлшерлеме басқа болуы мүмкін, пайыздар осы мөлшерлемеге сәйкес есептеледі.
 

Депозитті кез келген ыңғайлы тәсілмен толықтырыңыз:

-    Home Credit Bank Kazakhstan қосымшасында;
-    біздің сайтта «Төлеу» бөлімінде;
-    терминалдары арқылы: Банк Хоум Кредит, QIWI, Kassa24, CyberPlat;
-    біздің бөлімшелеріміздің немесе Қазпошта бөлімшелерінің кассаларында.

 

Құжаттар