+7 727 244 54 77

Біз алаяқтыққа «жоқ» дейміз

Алаяқтыққа қарсы

 

Қылмыспен күрес жөніндегі құқық қорғау органдарының жұмысына  қарамастан, елімізде азаматтардың жауапсыздығы мен хабарсыздығын пайдаланып, олардың мүлкіне алаяқтықпен ие болатын алаяқтар көп.
 

Біз сізге келесі ақпаратты хабарлауды өз міндетіміз деп санаймыз.

Егер сізге кімде-кім банктегі байланыстарына сілтеме жасай отырып, белгілі бір сыйақы сомасы үшін «кредит ресімдеуге немесе алған кредитті төлемеуге көмектесемін» деп сөз берсе, сіздің алдыңызда алаяқ тұрғандығын білдіреді. Кредит беру туралы шешімді банктің автоматтандырылған жүйесі қабылдайды және бұл үдеріске банк қызметкерлері немесе үшінші тұлғалара қатыспайды. Сізге «кредит алуға көмектес, сыйақыңызды береміз» деп сөз берсе де, келіспеңіз. Клиентке кредитті төлеу қажеттілігі жоқ десе де, сенбеңіз. Бұл ретте тек қана сіз кредитті төлеуге толық көлемде жауапты боласыз. Кредитті төлеу міндеттемесін орындаудан бас тарту үшін сот тәртібінде жауапкершілік қарастырылған.

Егер алаяқтар сізге кредитті мақұлдауға көмектесу мақсатында сіздің жұмыс орныңыз бен тұрғылықты мекенжайыңыз туралы жалған ақпарат береміз деп айтса, сіз қылмыстық  жазаға алып келетін алаяқтықтың қатысушысы боласыз. Егер сіз кредит бойынша төлемдерді енгізбесеңіз және біздің қызметкерлеріміз сізбен көрсеткен деректеріңіз бойынша байланыса алмаса, материалдар құқық қорғау органдарына жіберіледі.

Егер алаяқтар сізге басқа адамның құжаттарын берсе және сіз мұндай құжаттармен кредит ресімдеуге тырыссаңыз, Сіз алаяқтық жасаудасыз. Құқық қорғау органдары кредитті кім ресімдегенін нақты және дұрыс анықтауға жеткілікті мүмкіндіктері бар екендігін есте сақтаңыз. Міне, сол кезде сіз қылмыстық жауапкершіліктен қашып құтыла алмайсыз.

Жоғарыда көрсетілген барлық жағдайларда сіз банкке келтірілген шығынды өтейсіз, ал сіз туралы ақпарат Кредиттік бюроның деректер базасына түседі, ал бұл өз кезегінде шектеу іс-шараларының қолданылуына алып келеді. Алаяқтардың қызметтерін пайдаланбас бұрын мұндай қызметтің салдарлары туралы ойлаңыз. Сіз әрқашан банк қызметкерлеріне тікелей хабарласып, біздің адал клиентіміз бола аласыз.

Алаяқтардың қызметі туралы мәліметтерді +7 727 244-54-84 нөмірі арқылы хабарлауыңызға болады.
(Алаяқтыққа қарсы әрекет ету басқармасы).
Осылайша сіз басқа қарыз алушыларды проблемалардан құтқарасыз.

Поделиться
Отправить
Отправить